Еліміздің ең үздік мұғалімдері марапатталды
Еліміздің ең үздік мұғалімдері анықталды. Ұстаздар күні қарсаңында Қостанайда «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биыл 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушысы біліктілігімен үздік деп танылды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
29.09.2021
Республикалық байқау биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Ол Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Марапаттау рәсімі ұлы ағартушының туған жерінде ұйымдастырылды. Үздік деп танылған мұғалімдерді білім және ғылым министрі марапаттады. Оларға төсбелгілер мен 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды.
Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрі:
- Биылғы конкурстың жеңімпаздары, сіздер ерекшесіздер. Сіздерді осы белестеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Құрметті әріптестер, ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені ол мектептің жүрегі» деген. Шын мәнінде, бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанымызда осы ұлы ағартушы педагогтың арманы орындалды деп айтуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!