{metadescription}
Қарағандыда жетім-жесір, мүгедектерге берген үйді су басып жатыр
Қарағандыда жетім-жесір, мүгедектерге берген үйді су басып жатыр

Қарағандыда жетім-жесір, мүгедектерге берген үйді су басып жатыр

Қарағандыда жетім-жесірлер мен мүгедектерге берілген су жаңа үйді кәріз суы басып жатыр. Жертөлеге толған қалдықтан шыққан иіс қолқаны қауып, тұрғындардың шырқын алған.  

Жергілікті билік салынып болған су жаңа үйдегі инженерлік жүйені қызмет көрсетуші компаниялардың балансына әлі бермепті. Сондықтан тұрғындар жаздан бері жарық пен суға ақша төлей алмаған. Келісім болмаған соң,  баспанағаға жылу да қосылмай тұр. Шенеуніктердің шалалығынан тығырыққа тірелген  тұрғындармен КТК тілшісі тілдесіп қайтты. 

- Боқ-сідікте отырмыз. Аяз болса мынаның бәрі қатады, иісі үйге кіреді.  

Қазақстан ипотекалық компаниясының тапсырысымен салынған үйдің құрылысы сағызша созылған. Әупірімдеп жүріп осы көктемде әрең аяқталғанда жетім-жесірі мен мүгедектері бар тұрғындар баспанаға жамырай кірген. Бірақ аз уақытта жертөлені кәріз суы басқан.  

Сәуле Құсайынова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Бүкіл люктардың барлығы толған. Өткенде «Қарағанды суды» шақырдық, люктарды тазалап беріңдер деп. Олар: «Инженерлік жүйе біздің балансқа өтпеген, сондықтан су басса, ақша жинап бізге шығыңыздар, біз суын сорып береміз» - деді.

Жұрт тиын-тебенін тірнектеп жүріп су соратын техниканы жалдап та көрдік дейді.

Әлия Ермакалиева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Нәжіс, бәрі ішінде жатты. Машинасы келгенде бергі жақ қана тазаланды, ішінен құрылыс материалдар, тастар шықты. Сөйтіп тазалады, мына подьезд бітелген. Енді барлық подьезде сондай проблема болып жатыр.   

Қазір баспананың жертөлесі сасық суға түгел толған. «Иісін пәтерде отырып та сеземіз» - дейді тұрғындар. Айтуларынша, құрылыстың сапасы да сын көтермейді. Жаңбыр жауса төбеден су ағып, жел соқса саңылаулар ұлып тұрады екен. Арызын жалдамалы баспана қожайыны Қазақстан ипотекалық компаниясына айтса, төбе көрсетіп кеткеннен арыға бармайды екен.

Динара Жабағина, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Бәрін күшті қылдырып қарайды. Бір қағаздарға қолымызды мәз болып қоямыз, олар кетеді, әумин, жоқ. Үйіміз толған кішкентай бала, мүгедектер. Бұл әлеуметтік осал топ. Біздің мемлекет қаншама мың ақша бөліп жатыр. Өте көп ақша бөліп жатыр. Қайда кетіп жатыр? Неге өзімізді тонап жатырмыз?

Баспанадағы жарық, су мен жылудың мәселесін жергілікті билік бүгін-ертең шешуге қауқарсыз. Себебі: инженерлік желілер бірде-бір коммуналдық мекеменің балансына өткізілмеген. Өткізейін десе талапқа сай емес. 

Нұрлан Әбжанов, Қарағанды қаласы құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Үйдің құрылысын жүргізген және баспанадағы инженерлік жүйелерді жасаған түрлі мердігер компаниялар. Олар бір -іріне көп кедергі келтірген. Оның үстіне былтырдан бері құрылыс нысандарындағы инженерлік құрылымдарды қабылдау нормасы да өзгерген. Коммуналдық мекемелер де балансқа алмас бұрын өз талаптарын, ескертпелерін береді.

Құрылысы бөліміндегілердің айтуынша, коммуналдық қызмет талабын орындау оңай емес. Дегенмен жұмысты созып алғанын өздері де мойындайды. Сондықтан сегіз құдығы аузы-мұрнынан шығып, сасық суы жертөлеге ағып жатқан үй тұрғындары әлі де шыдай тұрса дейді. Олар 2019 жылдан бері жұмысы басталған инженерлік жүйелерді салуды аяқтауға енді бір ай мерзім сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде