{metadescription}
Көкшетауда есірткі таратып жүрген оқушы қыз ұсталды
Көкшетауда есірткі таратып жүрген оқушы қыз ұсталды

Көкшетауда есірткі таратып жүрген оқушы қыз ұсталды

Көкшетауда құрамында есірткі бар препарат таратумен айналысқан мектеп оқушысы ұсталды. Ол сөмкесіне кітаппен бірге психотропты 230 дана дәрі салып алған.

11-сыныпта оқитын қыз синтетикалық есірткі түріне жататын дәріні көпір астына, қамыс арасына, тіпті подьезге жасырып ғаламторда саудалаған. Ондай препараттың бір данасы дәріханада екі жарым мың теңге тұрады, тек дәрігердің рұқсатымен ғана сатылады. Сондықтан есірткіге тәуелді азаматтар оны ғаламтор арқылы еркін сатып алған. Ал оқушы қыз әрбір жасырған таблеткадан 350 теңге пайда көріпті. Қазір оқушының таныстары мен достары да тегіс тексеріліп жатыр.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Оқушы қыз алдын ала көздеген құпия  жерге таблеткаларды жасырып жатқанда ұсталды. Бұл аса қауіпті, қолданған адамды еліртіп әкететін препарат. Қазір «есірткілік затты заңсыз қолдану» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.