Теміртауда әйелін аямай тепкілеген жігіт іздестірілуде
Теміртауда автобустан шығарылған әйел мен оны аямай тепкілеген жігіт іздестірілуде.Тәртіп сақшылары оқиға болған автобусты анықтағынымен, желіге тараған видеодағы кейіпкерлерді таппай жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
29.09.2021
Аялдамада тепкіге түскен әйел адам «өз тілінен тапты» дейді көргендер. Араққа сылқия тойған ол қоғамдық көліктің ішінде аузына келгенін айтып жанындағыларды балағаттапты. Жолақысын да төлеуден бас тартқан. Қарағандыдан мінген жолаушыны автобус жүргізушісі мен кондуктор Теміртауға жеткенде автобустан шығарып аялдамаға жантайта салған. Аяғынан тұра алмай жатқан оны жолаушының бірі құлақ шекеден оңдырмай тепкенін көруге болады. Полиция бұзақылық бабы бойынша із қозғады. Бірақ олар мастың сөзін көтере алмаған еркек пен әлгі әйелдің өзін іздеп таппай жатыр.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Жәбірленуші азаматша қоғамдық көлікке ішімдік ішкен күйде отырып, маңайында отырған азаматтарға балағат сөздер айтқан. Оны далаға шығарып жібергенін, кодуктор оны ұрған кім екенін айта алмады, яғни белгісіз азамат. Қазір полиция қызметкерлері жәбірленуші мен жәбірленушіге соққы жасаған күдікті азамат анықталу үстінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!