{metadescription}
Линдердің бапкері Седов жұмысынан уақытша шеттетілді
Линдердің бапкері Седов жұмысынан уақытша шеттетілді

Линдердің бапкері Седов жұмысынан уақытша шеттетілді

Қаза тапқан зілтемірші Альберт Линдердің бапкері Сергей Седов жұмысынан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеді.

Мұндай шешім қабылдауға Линдердің өлімінен кейін «психологиялық қысым жасады» деген оның атына тағылған айып түрткі болған секілді.  Седов бүгінге дейін федерацияда ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.

Тергеу барысында комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап істің мән-жайы анықталғанша және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы:

- Альберт Линдердің өлімінен кейін Алматы облыстық полиция департаменті "өз-өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ауыр атлетика федерациясы тергеуге қажетті қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізіп отыр. Тергеу аясында федерация құрамына сарапшылар мен спорт ардагерлерінен құралатын комиссия жасақтамақ.

17-қыркүйек күні зілтемірші Альберт Линдер көз жұмды. Іле-шала туған бауыры оның суицид жасауына жеке бапкері Сергей Седов кінәлі деген айып тақты. Тергеу жалғасып жатыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде