{metadescription}
Ауғанстандағы экстремизм Орталық Азияға қауіп тудыруы мүмкін
Ауғанстандағы экстремизм Орталық Азияға қауіп тудыруы мүмкін

Ауғанстандағы экстремизм Орталық Азияға қауіп тудыруы мүмкін

Ауғанстандағы жағдай өңірлік қауіпсіздікті одан сайын күшейте түсуді талап етеді. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экстремизм мен терроризмге қарсы тұру даярлықтарын пысықтау бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.

Себебі: Ауғанстандағы экстремизм көріністері Орталық Азияға қауіп тудыруы мүмкін.

«Ауғанстанда қалыптасқан жағдай Орталық Еуразиядағы күрделі өзгерістер туғызды», - дейді Елбасы. Өйткені қазіргі жағдайда және алдағы ұзақ мерзімді кезеңге үлкен тәуекелдер әкеліп отыр. Бұл біздің қорғаныс әлеуетімізді күшейтуге негіз боларлық жайт. Қазақстан әскері заманауи әскери стандарттарға сай болуы керек. Сондай-ақ құқық қорғау жүйесіне еніп жатқан реформалардың маңызы да қалыс қалған жоқ. Әрі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларын да тұрақты жетілдіріп отыру мемлекет тұрақтылығының негізі екеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы:

Ауғанстан экстремистерге тартымды орта болып барады. Демек Орталық Азияға да жақындай түсті деген сөз. Ауғанстанда болып жатқан жағдай біздің әзірлігімізді, қауіп туса қарсы тұруға дайындығымызды бір пысықтап алуға жасалған мүмкіндік. Радикалды ұстанымдардың қайдан шығып жатқанын және нені талап ететінін нақты түсініп алуымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде