{metadescription}
Тараздағы жарылыстан қирағанды қалпына келтіруге 1 млрд 200 млн бөлінеді
Тараздағы жарылыстан қирағанды қалпына келтіруге 1 млрд 200 млн бөлінеді

Тараздағы жарылыстан қирағанды қалпына келтіруге 1 млрд 200 млн бөлінеді

Жамбыл облысындағы жарылыстан қираған нысандарды қалпына келтіру үшін мемлекеттік резервтен 1 млрд 200 млн теңге бөлінетін болды. Қаражат толығымен зақым келген ғимараттарды жөндеуге жұмсалады.   

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

Жалпы біздің жоспарымыз 35 үйді қазан айында толық аяқтау. Қазір  құрылыс материалдары, жұмысшылар жеткілікті. Қазір ол жерде 12 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр, 180 жұмысшы бар.

Жарылыстан 176 ғимарат бүлінсе, оның 159-ы – тұрғын үй. 35 баспанаға едәуір зақым келген. Сондықтан олар күрделі жөнеуден өтеді. Ал қалғандарына ағымдағы жөндеу жұмысы істелніп қойған.

12 кәсіпкерлік, 4 әлеуметтік нысан қираған болатын. Жібек Жолы ауылындағы мектеп түкке жарамсыз күйге түскен. Сондықтан елдімекенде су жаңа білім ошағы салынып жатыр. Оның құрылысын үшінші тоқсанға дейін аяқтау көзделген.

Биыл тамыздың 26-сы күні Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жойқын жарылыс болып 17 адам ажал құшты. Түрлі дене жарақатымен 100-ге жуық әскери мен құтқарушы ауруханаға түскен. 17 адамның өмірі қиылған төтенше жағдайдың себебі әлі анықталмады. Оқыс оқиғадан кейін із-түзсіз жоғалған бір әскери қызметкерден әлі күнге хабар жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде