Ескерту жасаған ауылдасын атып тастаған – Қарағанды облысы
Қарағанды облысында адам өлтірді деген күдікпен 35 жастағы азамат ұсталды. Ол мас күйінде өзіне ескерту жасаған ауылдасын атып тастаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
30.09.2021
Қасым Аманжолов атындағы ауыл түрғындарынан түнде ұйқысы қашты. Кешкілік ауылдан ат шаптырым жерде 50 жастағы тұрғынның өлі денесі табылған. Кейін тәртіп сақшылары күдіктіні іздеп ауылдың астаң-кестеңін шығарды. Елді әбден дүрліктірген қаскөй тез табылды.
Мал бағу кезегі келген ол сол күні удай мас болған екен. Марқұм оған «мына күйіңде малға ие бола алмайсың» деп ескерту жасапты. Сөзден сөз шығып, күдікті қаруға ұмтылыпты. Атып түсіргеннен кейін, қаруы мен көлігін тастап айдалаға безіп кеткен.
Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- ҚР ҚК 99-бабымен, яғни адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс құралы тәркіленіп алынды, күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!