{metadescription}
Петропавлда күн суытқанда көмір таппай отыр
Петропавлда күн суытқанда көмір таппай отыр

Петропавлда күн суытқанда көмір таппай отыр

Петропавл тұрғындары да күн суытқанда көмір таппай қалды. Қара кесек қала маңындағы барлық қоймаларда қат болып тұр. Саудагерлер қолды сермеп есікті тарс жауып алған. Ал шенеуніктер қыстың қамын жазда ойламаған жұрттың бүгінгі әрекетіне ашулы.

Солтүстіктің сақылдаған сары аязында көмірсіз өмір жоқ екенін тұрғындар жақсы біледі. Бірақөткен жылдары көмір тапшылығы бола қоймаған соң, жағасы жайлауда жүргенге ұқсайды.

Петропавл маңындағы қоймаға таңертең үш вагон көмір жеткізілген. Бірақ тұрғындар оны әп-сәтте талап әкетті. Ал кезегі келмеген жүздеген жүк көлігі бос қайтуға мәжбүр болған. Олар көмірге дәл осындай талас болады деп ойламаса керек. Сонда да кезекке тұру үшін ала таңнан асығып келген.

- Міне, таңғы сағат алтыдан тұрмыз, көмір жетпей қалды. Жетпей қалған соң үйімізге қайтып барамыз. Бәрі шағымданып жатыр, клиенттер, көмір керек.

Көмір жеткізетін компаниялардың барлығының қоймасы қаңырап бос тұр деу бекер. Солтүстік өңірдегілер негізінен Қаражыра, Шұбаркөл көмірін жағады.Соған қарамастан саудагерлер тұтынушыға қажет тауарды жеткізбей, көмірдің басқа сортын әкелген. Енді ол тауары өтпей, текке үйіліп жатыр. Тұрғындар алты ай қыс болатын өңірде тек аталған көмір ғана үйді жылыта алады дейді. Шағын  үйдің өзіне бір маусымға төрт-бес тонна көмір керек екен.

Вера Усманова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Міне,қазір біз іздеген көмір мүлдем жоқ. Ендігі тауар қандай бағамен келетінін де білмейміз.14 мың теңге болған тоннасы, енді 16-17 мың деп естіп жатырмыз. Егер көмір алмасақ, бізге отын шақ келмейді.Қыс қатты ғой біздің жақта.

Тұрғындар осылайша таңдаған көмірін іздеп сандалып жүргенде шенеуніктер алдағы жылу маусымына  әзірміз деп есеп беріп те қойған. Қыста  қала тұрғындарына 391 мың тонна көмір қажет. Соның 93 пайызы жеткізілген.  Айтуларынша, қоймалар  көмірге толып тұр. Жетпесе, тағы әкелеміз дейді.

Евгения Островская, СҚО ТҮКШ басқармасының басшысы:

Петропавлға 490 тонна Майкөбе  және 280 тонна Қаражыра көмірі жолда келе жатыр. 700 тонна Шұбаркөл көмірі қазір тиеліп жатыр.Аудан әкімдіктері мен Петропавл қаласы әкімшілігі тұрғындарға жаз айларында отынын әзірлеп алу керектігін ескерткен. Енді, міне, сабылып жүр.

Петропавлда жылу маусымы басталып та кетті. Синоптиктер жақын күндері суық түседі деп хабарлауда. Көмірге сұраныс бұл кезде тіпті көбеюі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде