Елордада көлік апатынан аман қалған жалғыз қыздың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтандағы көпірде болған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жалғыз жолаушының жағдайы ауыр. 18 жастағы қызға дәрігерлер шұғыл ота жасаған. Науқастың омыртқасы сынған және қатты есеңгіреп қалған. .
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
30.09.2021
- Адамдар жатыр. Екі машина лшелпек боп қалған ...
Оқиға түнде Сарайшық көшесіндегі көпірде болды. Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт қатты жылдамдықпен келе жатып қарсы жолаққа шығып кеткен. Nexıa көлігімен бетпе-бет соғылыпты. Бес адам сол жерде жан тапсырды. Екеуі – жүргізуші, үшеуі – жолаушы. Toyota Camry көлігінде болған тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Қылмыстық іс қозғалғанымен, енді жауап беретін адам жоқ. Елордалық полицейлер көлік жүргізушілерінен мың құбылған ауа райында сақтық сақтауды сұрайды. Бір тәулікте қалада 91 жол апаты тіркелген.
Данияр Орал, Нұр-Сұлтан қаласы ПД ресми өкілі:
- Біз жүргізушілерді ескертеміз. Ауа райының күрт өзгеруіне, қар аралас жаңбырға және түнде күннің суығына байланысты жолдағы жағдай өте қиын. Сондықтан жолда барынша мұқият, сақ болыңыздар. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 91 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл әдеттегіден бір жарым, екі есеге көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!