Алматыда тондар мен ішіктер арзанға сатылып жатыр
Алматыда «Меха России» – тондар мен ішіктер жәрмеңкесі жалғасуда. Ресейдің тері өңдеумен айналысатын ең үздік компаниясы эксклюзивті қысқы киімдердің 3 мың түрін ұсынып отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
01.10.2021
Осы сенбі-жексенбіде сатып алушыларды үлкен жеңілдіктер күтіп тұр. Ал тон сатып алған клиенттерге түрлі сыйлық қарастырылған.
Пятигорск қаласынан келген ішіктер көрмесінде кез келген жастағы нәзік жандыларға жарасатын киім бар. Сатушылар әркімнің дене бітіміне қарай жеке-жеке кеңес беруде. Бірі қаракүзен терісін таңдаса, енді бірі бұлғын терісінен тігілген тондарға қызығып жүр.
Алматылық Вероника жәрмеңке туралы әлеуметтік желіден ести сала, дереу осында жетіпті. Өйткені былтыр анасына осы жерден тон алған. Сапасы көңілінен шығып, енді өзіне де қысқы киім таңдап жүр.
Вероника Зайцева, Алматы қаласының тұрғыны:
- Қаракүзеннен тігілген тонды таңдап тұрмын. Маған ашық түс қатты ұнайды. Сондықтан осы көк түсті киімге тоқталдым. Ұнаған тонымды тауып, қатты қуанып тұрмын.
Мұнда қаракүзен, мутон, бұлғын, түлкі және қаракөл елтірісінен тігілген жалпы саны 3 мыңнан астам тон мен ішік бар. Көбі бір ғана данамен шығарылған. Тауарлардың бағасы қарапайым, халықтың қалтасы көтеретіндей. Мәселен, мутоннан тігілген киімдер 150 мың теңгеден басталса, қаракүзен тондары 360 мың теңгеден жоғары. Әрі сатып алушыларға көрмедегілер түрлі сыйлық дайындап қойған.
Диля Исмаилова, сатушы-кеңесші:
- Клиенттерге сыйлықтарымыз бар. Бағасы 250 мың теңгеден жоғары тұратын тон сатып алғандарға пальто береміз. Сондай-ақ, 70 мың теңгелік сертификат табысталады. Оны келесі жолы тон алуға келгенде пайдалануға болады.
Бұл аздай, осы сенбі-жексенбіде келушілерді үлкен жеңілдіктер күтіп тұр. Осыған орай көрменің есігі таңғы сағат 10-нан түнгі 12-ге дейін ашық болады. Жұртшылықтың жағдайын ескерген сатушылар сәнқойлардың қалаған тонын алуына бар мүмкіндігін жасап отыр. Тауарларды бөліп төлеп алуға болады.
Жәрмеңке Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатыр. Байтұрсынұлы көшесі жағынан кіру керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!