Мұқтаж жандарға көмектесетін «Қайырымдылық керуені» басталды
Жақсылық жасап, жарысайық. Мұқтаж адамдарға көмектесетін «Қайырымдылық керуені» байқауы басталды. Мейірімге бастайтын ізгі жобада жүрегі жылы қолы кең адамдарды анықтайды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
01.10.2021
Шара барысында еліміздің түкпір-түкпіріндегі қамқор жандар мұқтаж адамдарға көмектеседі. Төртінші мәрте өткізіліп отырған байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығы жүзеге асырады.
«Туған жер», «Батыл жүрек», «Бала жүрегі» деген өзге де номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, қол ұшын созған жомарт жандар құр қол қалмайды.
Балым Батаева, Алматы қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
- Бүкіл Қазақстанның іскер әйелдері, әсіресе Алматы қаласының әйелдері, бес-алты адам әр ауданда жұмыс істейтін болдық. Аудандарға тапсырма берілді, әкімдерге. Сол жерден жауапты адамдар болады. Сол жауапты адамдармен кездесіп, телефондарын беріп, солар арқылы хат жинаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!