{metadescription}
Соңғы тәулікте екі мыңдай адамнан COVID-19 анықталды
Соңғы тәулікте екі мыңдай адамнан COVID-19 анықталды

Соңғы тәулікте екі мыңдай адамнан COVID-19 анықталды

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Соңғы бір тәулікте 2096 адамнан COVID-19 анықталды. Эпидемиологиялық ахуалдың түзелгеніне байланысты «қызыл» аймақтағы өңірлер қатары сиреген. Бұл тізімде тек Алматы, Нұрсұлтан мен Павлодар облысы.  

Павлодар облысында қоғамдық көлік апта бойына қатынайтын болды. Бұған дейін санитар мамандар трамвай мен автобустарға жексенбі күні жүруге тыйым  салған. Енді ол шектеу алынды. Бірақ  облыстар арасында «қызыл» аймақта қалып отырған жалғыз – Кереку өңірі. Сондықтан той-садақаға мұнда рұқсат жоқ. Індеттің таралуы әлі тоқтамады дейді дәрігерлер.

Ерғали Асылбек, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір мыңнан аса науқас стационарда ем алып жатыр. Инфекциялық орын саны 48,2 пайызға толық. 90 адам жансақтау бөлімінде. Олардың он екісінің жағдайым тым ауыр.

Қарағанды облысында бір тәулікте 120 адамнан вирус анықталған. «Бұл өткен аптамен салыстырған ең төменгі көрсеткіш» -  деп қуанады санитар дәрігерлер. Бұған дейін күніне қауіпті індетке 400-450 адам шалдығатын. Қазір вирустың таралуы сәл де болса саябырсыған. Сондықтан бүгіннен бастап Қарағанды да «сары» аймаққа ойысты.

Еркенұр Әрінова, Қарағанды облысы санитария-эпидемиология департаментінің маманы:

- Эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасына сәйкес, облыс бүгіннен бастап «сары» аймаққа ауысты. Бұл ретте шектеу шараларын жеңілдету эпидемиология ахуалы жеті күн тұрақтанған жағдайда жүргізіледі. Осылайша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысында бір күн ішінде 19 бала COVID-19 жұқтырған. Олар оқыған 17 сынып карантинге жіберілді. Жалпы бұл аймақта қатарластарының дертіне байланысты 300-ге жуық сынып оқушысы мектепке бара алмай отыр.

Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

199 бала бақылауда. Оның ішінде үш бала стационарлық бақылауда. 65 жүкті әйел бақылауда. Соңғы аптада облыста 12 адам қайтыс болды. Ауыр жағдайдағы науқас санын айтатын болсақ, бір апта бұрын  80 науқас бақылауда болды. Қазір мұндай науқастар саны – 60.

Елде бір тәулікте  49 адам короновирустан қайтыс болған. Дегенмен вирус жұқтырғандар саны азайып келеді дейді мамандар. Қазақстанда соңғы тәулікте 2 мыңдай адамнан COVID-19 анықталыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде