{metadescription}
Халық санағы: «Онлайн тіркеу ойыма кіріп шықпайды»
Халық санағы: «Онлайн тіркеу ойыма кіріп шықпайды»

Халық санағы: «Онлайн тіркеу ойыма кіріп шықпайды»

Елде дәстүрлі форматтағы халық санағы басталды. Онлайн санақтан өтіп үлгермегендердің үйіне енді интервьюерлер барады. Аталмыш  шараға елімізде 20 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылады.

10 жылда бір рет өтетін бұл жолғы халық санағының ерекшелігі неде?

Көшеде енді мойнында көк шарфы, қолында көк сөмкесі бар адамдар көбейеді. Бүгін статитика мамандары үй аралауды бастап кетті. Мәселен, Ақтөбе облысындағы мың санақшының әрқайсысы бір айдың ішінде кемі 800 үйге бас сұғуы тиіс. Олардың дені – студенттер мен еңбек биржасынан іріктелгендер.

Данияр Түрікпенов, санақшы:

- Күніне 25 үй шаруашылығын тіркеу – міндетіміз. Бүгін жақсы басталды. Бес-алты үйді аралап шықтым. Еш қиындық жоқ.  

Ақтаулық зейнеткер Бердібай Байжігіт санақ деп сауын айта келгендерді қонағындай құшағын ашып қарсы алды. «Онлайн тіркеу ойыма кіріп шықпайды» деген азамат дәстүрлі форматты құп көреді. 

Бердібай Байжігіт, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Өте қуаныштымыз. Санақтың адамдары келіп өткізіп жатыр. Біздің құжаттарымыз бойынша қанша тұрғын тұратынын бәрін жазып алды. Мына халық санағына қатысқанымызға қуаныштымыз. Аман болайық!

Елдің барлық өңірінде осындай қарбалас. Онлайн санаққа белсенді қатысқандардың көшін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары бастап тұр.  Бұл жолғы санақтың бұрынғылардан өзгешелігі – дәстүрлі және онлайн форматта өту. Оған қоса интервьюер электронды планшетті пайдаланады. Соңғы мәлімет бойынша санақтан онлайн өткендердің қарасы 6 миллионнан асқан.

Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- Барлық  интервьюерлерге планшетпен жұмыс істеу, сауал жүргізу әдісі бойынша оқыту ұйымдастырылды. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдар мен тұрмысы нашар отбасылар тұратын күрделі учаскелерде, саяжай алқаптарында учаскелік инспекторлар интервьюерлермен бірге жүретін болады.

Үй-үйді аралап сауалнама жүргізу 30-қазанға дейін жалғасады.

Ұлттық халық санағы республика бойынша 10 жылда бір рет өткізіледі. Бұл санақ тәуелсіздік алғалы үшінші рет өткізіліп отыр. Санақтың алғашқы қорытындысы осы жылдың соңында жарияланады. Ал жалпы 91 сауал бойынша толық есепті Ұттық санақ бюросы 2023 жылы береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.