{metadescription}
Алматыда әлеуметтік маңызды азық-түлікті қымбаттатпаймыз деп отыр
Алматыда әлеуметтік маңызды азық-түлікті қымбаттатпаймыз деп отыр

Алматыда әлеуметтік маңызды азық-түлікті қымбаттатпаймыз деп отыр

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуіне жол берілмейді. Осылай деп мәлімдеген әкімдіктегілер бағаны тұрақтандыру мақсатымен қала қазынасынан 10 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. Оның тек 1 миллиарды нан бағасын ұстап тұруға жұмсалады.

Сондықтан алдағы уақытта Алматыда бір бөлкенің құны 75 теңгеден көтерілмейді. Бұл республика бойынша әлеуметтік нанға бекітілген ең төменгі баға. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар 16 азық-түлік түрінің бағасы да бақылауда болады.

Мәселен, дүкен мен базарларда 1-ші сұрыпты ұн, қарақұмық, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс, сары май, тауық пен сиыр еті және сүт өнімдері ағымдағы жылдың соңына дейін белгіленген бағамен сатылады.

Қазір сөрелерде картоптың келісі 101 теңге, сәбіз 120 теңге, пияз 89 теңге, қырыққабат 90 теңге. Мамандар ай сайын базар мен сауда нүктелерін тексеріп тұрады. Ал демалыс күндері шаһардың барлық аудандарында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.  

Тазабек, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Бағалар үнемі бақылауда болады. Бұл Алматы қаласы әкімдігінің негізгі міндеті және басты басымдығы. Біз бағаны ұстап тұруды және төмендетуге тырысамыз. Бұған біз бар күшімізді саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.