{metadescription}
Тұрғын үй бағасы тағы шарықтауы мүмкін – 30 пайыз қосылады
Тұрғын үй бағасы тағы шарықтауы мүмкін – 30 пайыз қосылады

Тұрғын үй бағасы тағы шарықтауы мүмкін – 30 пайыз қосылады

Тұрғын үй бағасы тағы шарықтауы мүмкін. Зейнетақы қорынан ақша шешерде көтерілген пәтер құнына енді жарты жылдан соң тағы 30 пайыз қосылады деген болжам бар.

Құрылысшылар қауымдастығы мұны құрылыс материалдарының күрт қымбаттауымен байланыстырады. Ал шенеуніктер бұл болжамға сенуге асықпайды. Керісінше, үкіметтегілер құрылыс материалдарының бағасы арзандап жатыр, нарықтағы бағаның өсуіне еш алғышарттар жоқ деген сенімде.

2022 жылдың көктемімен бірге қазақстандықтар қымбат пәтер сатып алуға ұрынғалы тұр. Саланы зерттеп жүргендер баспана құны 30 пайызға бір-ақ жетеді деп болжайды. Бұған бірнеше себеп бар, ең бастысы – құрылыс материалдары бағасы аспандап кеткен.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

- Мынадай қымбатшылық 2014, 2015 жылдары болған. Өйткені теңге 120 пайызға құлдырады. Биыл да теңгеміз 31 пайыздан аса құлдырап жатыр. - Көп құрылыс заттары 30, 60, 90 пайызға қымбаттағаннан кейін, әрине, шаршы метрдің де, пәтердің де бағасы өседі. Өйткені 55-60 пайыз құрылыста құрылыс заттарынан тұрады. Күз басталды, бір-екі айдан кейін қыс келеді. Баға түспей жатыр. Сондықтан баға өседі.

Салынған жаңа үйлердің өзі көпшіліктің көңілінен шықпайды. Өйткені қаражаттың жетіспеуінен құрылысшылар материалдарды үнемдеуге немесе біліксіз жұмысшыларды жұмысқа қабылдауға мәжбүр. Соның салдарынан жаңа пайдалануға берілген үйлердің қаптамасы желге шыдамай  қабырғалары қақырап жатыр.

Тұрғын үй құрылысында қолданатын материалдардың басым бөлігі – шетелден. Қазақстанның үлесі 40 пайыздай ғана. Отандық өндірушілер баспана бағасы қолдан жасалған жоқ, оған коронавирус пандемиясы әсер етті дейді. Өндіріс қана емес, тасымал да тежелген.

Елена Карикова, құрылыс қоспаларын шығаратын зауыттың департамент директоры:

- Қалыптасқан жағдайға байланысты тасымалдау жағынан проблема туындады. Сол себепті компаниялар өзінде не бар, не жоғын болжай алмай қалды. Бұл бағаға әсер етпей қоймады. Мәселен, бетон бағасы жыл басынан бері 6 пайызға, былтырмен салыстырсақ, 18 пайызға қымбаттады.  Құрғақ құрылыс қоспасының құны 10-15 пайызға көтерілді. Металл өнімдерінің де бағасы 10-70 пайыз аралығында.

Құрылыс материалдары бағасының аспандап кеткені шенеуніктерге сезілмейтіндей. Олар, керісінше, баға төмендеп жатыр деп біз бен сізді сендіргісі келеді. Тұрғын үй нарығында қымбатшылық болмайды-мыс. Сарапшылардың болжамын ақ жағалылар жоққа шығарды.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

Жыл басында, былтырмен салыстырғанда 13-15 пайыз өсім болды. Оған әсер етуші үш фактор болды. Ең үлкен факторзейнетақы қорынан бөлінген қаржы. Осы уақытқа дейін бір жарым триллион теңге зейнетақы қорынан шешілді. Оған тұрғын үй сатып алатын мүмкіндік болды. Алдағы уақытта ондай факторлар, болжамдар күтіліп отырған жоқ. Сондықтан 30 пайызға көтеріледі деген орынсыз деп ойлаймын.

Шенеуніктер дегенінен таймай отыр, құрылысшылар күтумен жүр, ал  риелторлар бүгінгі күнмен өмір сүріп жатыр. Тұрғын үйді сатумен айналысатындар Үкіметтің бағаға қатысты мәлімдемесімен келіспейді. Мамандардың айтуынша, пәтер құны жыл сайын мың құбылып өзгеруде. Ешқашан арзандағанын да көрмепті.

Жадыра Әлімбаева, риелтор:

- Астана қаласы астана болған 11 жылда статистиканы көріп отырғанымыздай, бағаның түсуі болмаған. Бірінші нарықта үйлердің өсуіне байланысты сатып алушылар да, екінші нарықтағы үйлерін, олар да соған мәжбүр болады. Өздері жақсы үй сатып алу үшін үйлерінің құнын көптеу етіп сатуға мәжбүр болады. Сол себепті, жалпы нарықта баға көтерілді.

Халық ең қымбат пәтерлер елордада деп ойлайды. Бұл жаңсақ пікір. Нұр-Сұлтанды оңтүстік астана басып озады. Алматыда бүгінде пәтерлердің бір шаршы метрі 519 мың теңгеден асады. Одан кейін бас қала тұр. Шымкент қымбат үштік қаланы түйіндейді. Мұнда 340 675 теңге. Ал Тараз, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында пәтерлер миллион тұрғыны бар қалалардан арзандау. Дегенмен баға өсті деп шарқ ұрып қана қою қанға сіңіп кеткендей. Құрылыс жалғасады, тұрғын үйлер салынады. Нарыққа қарық болып көнбеске амал жоқ секілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.