{metadescription}
Түркістанда жүк көлігін жүргізушілер ереуілге шықты
Түркістанда жүк көлігін жүргізушілер ереуілге шықты

Түркістанда жүк көлігін жүргізушілер ереуілге шықты

Түркістанда жүк көлігін жүргізушілер ереуілге шықты. Олар күнделікті қатынап жүрген жолдың ақылы болуына қарсы. Айтуларынша, бүгіннен бастап ауыр көліктер жүрген әр шақырымына 25-37 теңге аралығында ақша төлеуге тиіс екен.

Онсыз да дизель тапшылығы мен қымбатшылығынан титықтап біттік деген олар жолақысын түсіруді талап етуде. Жүрейін десе жанармай таппай, бірнеше күннен бері жіпсіз байланған жүргізушілердің  өкпесі қара қазандай. Бір апта бұрын литрін 180 теңгеден құйып жүрген дизелі отыны  230 теңгеге бір-ақ қымбаттаған. Бірақ соның өзін табу мұң. «Дизель шетелдік көліктерге  шектеусіз, ал бізге белгілі бір өлшеммен ғана сатылып жатыр» - дейді жиналғандар.

Әмірхан Назарбаев, жүк көлігінің жүргізушісі:

- Тоқтап тұрмыз, не істейміз енді? Бір апта болды. Солярка таппай, 50 литрден артық бермейді. Бекеттерде үш-төрт сағат күтесің.  

«Толық қолданысқа бірер жыл бұрын берілгенде бөркімізді аспанға атып қуанып едік» деген жүргізушілер Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық тас жолы да енді қалтаға жүк болғанын айтады. Ауыр көлік жүргізушілеріне 1-қазаннан бастап әр шақырымына кем дегенде 25 теңгеден төлейсіңдер деп ескертіпті. Әр рейсте мыңдаған шақырым жүретін олар енді ақылы жолдың кесірінен елдегі барлық азық-түлік пен өзге де тауар қымбаттайды деп отыр.

Ақжан Сағынтаев, жүк көлігінің жүргізушісі:

- Жолақысын бүгіннен бастап ақылы етіп жатыр. Өйткені жолақысы бізді көтермейді. Біз түбегейлі алып таста демейміз. 3-5 теңге арасында қойса болды. Қазір 25-37 теңге арасында. Бұл енді халықтың қалтасынан ұрады. Өйткені ертең халық біздің жүруіміз үшін үлкен сома төлеуі керек. Барған жерге тауар құны қымбат боп барады. Картоп қазір 150-ден боп жатса, енді 250-300-ге көтеріледі.  

Ал елдегі жолдарға жауапты «Қазавтожол» мекемесі қазір тағы әр шақырымы ақылы болатын 7 учаскені қосып жатыр. Олар Шучинск -Көкшетау, Нұр-Сұлтан - Павлодар, Қайнар -Тараз, Тараз - Шымкент, Шымкент - Қызылорда мен Шымкент - Ташкент бағытындағы бірінші санаттағы жол болмақ. Бірақ ақы жүргізушілер айтқандай бүгіннен бастап емес, тек бір айдан кейін алынады деп отыр.

Диас Ахметшәріп, «ҚазАвтоЖол» АҚ ресми өкілі:

- 34 камера 7 учаскеде болады. 1-қарашадан бастап өндіріске енгіземіз, ақы алына бастайды. Бұл учаскедегі тариф 2013жылғы енгізілген тарифтерден ауытқымайды. Еш өзгермейді. Яғни жеңіл көлікке бір шақырымға 1 теңге көлемінде болса, ауыр жүк көліктеріне салмағына байланысты 5 теңгеден 25 теңге аралығында болады.

Ал тасжол бойында шлагбаум болмайды екен. Тек бағаналарға  ілінген камера арқылы ғана бақыланып, жүргеніңе қарай құн сұрайды. Әзірге бір ай тестілік режимде жұмыс істемек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде