Семейдің қақ ортасы жайма базарға айналған
Семейде жабайы сауда қызып тұр. Әсіресе орталықтағы тұтас бір көшенің бойы жайма базарға айналған. Мұнда көлік тұрмақ, жаяу адамның жүріп-тұруы мүмкін емес. Тіпті заңсыз сауда жасайтындар тәртіп сақышаларының ескертпесін де елемейтін болған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
04.10.2021
Оңтүстіктен көкөніс тиеп келген жүк көліктері де көше бойына қаз-қатар сап түзеп алған. Соның салдарынан көлік кептелісі көбейіп, тұрғындардың жүріп- тұруы қиындаған. Бүгін полицейлер арнайы рейдке шықты. Өйткені көлік қозғалысына кедергі келтірушілерге бұған дейін бірнеше ескерту жасалған екен. Алайда оны елемегендер бүгін шетінен айыппұл арқалады.
Ержен Самарханов, Семей қаласы ПБ патруль полиция батальоны командирінің орынбасары:
- Екінші рет қайталанатын болса, бір жылдың ішінде, ол бізде қайталанған жаза деп саналады. Ол кезде айыппұл екі есеге өседі. Бес айлық есептік көрсеткіш бірінші ретінде, қайта қайталанған болса, 10 айлық есептік көрсеткіш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!