Мамандардың коронавирусқа қатысты болжамы шын екен
Коронавирусқа қатысты мамандардың оптимистік болжамы шындыққа айналып келеді. Вируспен бір тәулікте 1717 адамнан анықталды. Бұл алдыңғы тәулікпен салыстырғанда 500 жағдайға кем.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
04.10.2021
Антирекордтың алғашқы үштігінде Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы тұр. Оңтүстік астанада 429 тұрғыннан вирус анықталып, ауру жұқтыру қарқыны бойынша қала «қызыл» аймақтан шыға алмай тұр. Ал ең азы – Маңғыстау облысында 4 адамның ғана тесті оң шыққан. Індеттен соңғы тәулікте 31 адам құрбан болды. Пандемия басталғалы 890 мыңнан астам адам Ковид-19 жұқтырыпты.
Күздің бел ортасына жеткенде басылмай тұрған, коронавируспен қатар жүрген пневмониямен ауырғандардың жалпы саны 76 мыңнан асса, бақилық болғандар 5 мыңға жетіп қалған. Ал вирустан жазылып кеткендер – 830мың 241 адам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!