{metadescription}
Алматыда «СпутникV» вакцинасын таба алмай сабылып жүр
Алматыда «СпутникV» вакцинасын таба алмай сабылып жүр

Алматыда «СпутникV» вакцинасын таба алмай сабылып жүр

Алматыда коронавирусқа қарсы «СпутникV» вакцинасы тапшы. Қаладағы 20 екпе егу орнында ресейлік препарат мүлдем таусылған. Мамандар шаһарда аталған екпенің 19 мың дозасы ғана қалғанын жеткізді.

Ал вакцинаның өзге түрі жеткілікті екен. Әсіресе отандық QazVac вакцинасы артылып қалған. Өйткені қазақстандық екпеге деген сұрныс жоқ. QazVac вакцинасының құрамын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тексеріп, отандық екпенің жасалуы әлемдік халал стандартына сай екенін мәлімдеді. Енді оны әлеуметтік көмек ретінде мұсылман елдеріне тасымалдауы мүмкін. Вакциналаудың қарқыны қалай?

Алматыда қауіпті кеселге қарсы вакцина салдырып жатқандардардың қарасы күннен-күнге азайып барады. Мәселен, кешелі бері екпенің бірінші компонентін бар-жоғы 956 адам алған. «СпутникV» вакцинасын салуға ниет білдіргендер тіптен емхана аралап сабылып жүр. Өйткені ресейлік препаратты кез келген екпе егу орнынан табу қиын. Аталған вакцинаның таусылып бара жатқанын мамандар да растап отыр. Олар тапшылықты ревакцинациямен байланыстырады.

Эльвира Ибрагимова, Алматы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

Шамамен 20 екпе егу пунктінде «СпутникV» таусылған. Бірақ басқа орындарда бар. Қазір біз вакцинаның тасымалдау ережесін сақтап, жоқ жерлерге таратуды жоспарлап отырмыз. Қалада ресейлік препараттың 19 мың дозасы бар. Ал вакцинаның екінші компоненті жеткілікті. Менің ойымша, халық ревакциналауды бастап кетті. Ал пандемия басталғанда адамдардың көбі осы «СпутникV» салдырған.

Қалада «Спутник V» вакцинасынан бөлек қытайлық VeroCell мен отандық QazVac вакцинасы бар. Қытайлық өнім келгелі қазақстандық екпеге сұраныс азайған. Өзге өңірлерде де отандық вакцинаға үрке қарайтындар жетіп артылады. Әсіресе намазын қаза қылмай дінді берік ұстанатын мұсылман қауымы «Вакцина арам ба, әлде адал ма?» деген сұраққа әлі бас қатырып жүр. Олардың күмәнін сейілту үшін бе, әйтеуір Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы QazVac-тың құрамын тексеріп, вакцина әлемдік халал стандарты мен шариғат шарттарына сай жасалатына «көз жеткіздік» деп отыр.

Айбек Асқарбекұлы, ҚМДБ "Халал Даму" сертификаттау және стандарттау орталығының директоры:

- Екпенің құрамында харам дүниелер болмағандықтан біз халал сертификатын бердік. Біз барып жасалу жолдары мен құрамын толық тексергеннен кейін ғана халал сертификатын бердік. Ал Қытайдан, Ресейден әкелінген вакцина туралы ештеңке айта алмаймыз. Өйткені ол вакцинаның құрамын біз көрген жоқпыз. Тексеруге тапсырыс берілген жоқ.

Бірақ мұсылмандар діни басқармасы халал сертификатын алмаған вакцинаның өзге түрлеріне үрке қарау қате екенін жеткізді. Себебі, екпе салдыру жұқпалы дертті жеңудің жалғыз жолы дейді мүфтият. Діни басқарма ауруға ем іздеп медицина іліміне жүгіну дінге қайшы еместігін тағы қайталап айтты.

Елімізде вакциналау қарқыны сәл бәсеңдеген. Республика бойынша індетке қарсы екпенің екі бірдей компонентін алғандардың саны жеті милллион адамға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.