{metadescription}
Тоқаев: QazVac мұсылман елдеріне жіберіледі
Тоқаев: QazVac мұсылман елдеріне жіберіледі

Тоқаев: QazVac мұсылман елдеріне жіберіледі

Отандық QazVac вакцинасы Ауғанстанға және басқа да мұсылман елдеріне жіберілетін болды. Бұл туралы Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының іссапары Қордайдағы вакцина шығаратын биофармацевтика зауытының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды.  Мұнда  тек коронавирусқа қарсы екпе емес, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина өндірілетін болады. Жылына биофармацевтика препараттарының 30-дан 60 миллионға дейін дозасын әзірлеу жоспарлған. Жобаның жалпы құны - 15,6 миллиард теңге. Президент бұл үлкен жетістік деп баға берді. Әрі бұл өндіріс ошағының індетпен күресте орасан үлес қосатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының  президенті:

- Негізгі жұмыс орындалған. Бұл өз жалғасын табады. Амандық болса, келесі жылы бұл жұмысты әлі де жалғастырамыз. Біз гуманитарлық көмек ретінде Ауғанстанға және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз. Вакцина дүние жүзінде мойындалып жатыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын, ризашылығымды білдіремін!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде