{metadescription}
Дәретханада іңгәләп жатқан шақалақ табылды – Атырау, Индер
Дәретханада іңгәләп жатқан шақалақ табылды – Атырау, Индер

Дәретханада іңгәләп жатқан шақалақ табылды – Атырау, Индер

Атырау облысында жас әйел даладағы дәретханада босанып, шақалақты сол жерге тастап кеткен. Жантүршігерлік жағдай Индер ауданының орталығы Индербор кентінде болды. 31 жастағы әйел үйінде босанып алып, сәбиін әжетханаға лақтырған.

Шақалақтың іңгәлаған дауысын көршісі естіп қалып жедел жәрдем шақыртқан. Сәтін салғанда жаңа туылған сәби дін аман.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Индер ауданында 3-қазан күні сағат 12:00 шамасында 102 операторына әжетханада шақалақ жатқаны туралы хабарлады. Шақалақ табылды. Күдіктіні де таптық. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Өз баласынан жеріген көкек ана 90-шы  жылы туған Индербор кентінің тұрғыны. Аудан орталығындағы Өнер мектебінде еден жуушы болып жұмыс істейді. Алайда әріптестері оның аяғы ауыр екенін осы күнге дейін білмедік деп отыр. Өзі де жүктілігін толғағы келгенше туыстарынан жасырып келген. Бұрын тұрмыс құрмаған күдіктінің 10 жасар қызы бар. Ал әжетханада дүние есігін ашқан ұл бала қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында. 

Анар Доспаева, Индер ауданы ауруханасының директоры:

- Бала қақ ортаға түскенде сіңіп кетер ме еді?! Ол бала түскенде жарға қарай түседі. Сосын жаңағы екі акушерканы аяғынан ұстайды да, акушерка шұңқырға кіріп баланы алып шығады. Баланы жуындырып, гипотермия 30 градусқа келеді. Сосын жайлап-жайлап жылыттық. Әйтпесе болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде