{metadescription}
«Бала дауысы – ән бұлағы» жинағы жарыққа шықты
«Бала дауысы – ән бұлағы» жинағы жарыққа шықты

«Бала дауысы – ән бұлағы» жинағы жарыққа шықты

«Бала дауысы – ән бұлағы» атауымен бүгін елордада балалар ән жинағы жарыққа шықты. Үнтаспаға еліміздің әрі өңірінен 4 ақын мен 17 сазгердің балаларға арналған туындылары еніп отыр. Ән жинақты құрастырушылар озық туындыларды іріктеу барысында мәтіннің жеңілдігі мен саз ырғағына мән бергенін айтады.

"Жандану әлемі" қорының бастамасымен тұсауы кесілген жинақтағы әндер "Бала дауысы" байқауының сайтына жүктелген. 

Былтыр онлайн өткен байқауда тек авторлық әндер шырқалған болатын. Солардың ішінен оқ бойы озық шыққандардың шығармалары бұл жинаққа енбеген. Десе де арнайы тапсырыспен жазылған су жаңа әндердің көпшілік алдында тұсауы кесілді.

Айсұлу Тәни, «Бала дауысы-  ән бұлағы»  жинағының жетекшісі:

- «Жандану әлемі» қорының тамаша бір жобасы. Жылдан жылға жалғасып келе жатыр. Биылғы жинақ «Бала даусының» бес жылдық мерейтойына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады.

Жинаққа туындысы енгендердің қатарында талдықорғандық сазгер Әділхан Қылышханұлы да бар. Ол  әннің музыкасын жарты жыл толғанып нотаға түсірген. «Енді жүрек жарды туындым балаларға патриоттық сезім сыйласа» - дейді. Оның үстіне жинаққа жаппай эстрадалық әндерді қамтығаннан гөрі, халық әндерінің көптеп ұсынылғанын қалайды. Сондықтан алдағы байқауға қатысатын жеткіншектер сахнаға ұлттық аспаптармен халық әндерін айтып шыққанын қалайды екен.   

Адырбаев Әділхан, сазгер:

- Жеңіл-желпі эстрадалық вариантта көбі айтылып жатыр. Біздің қазақтың домбырасымен неге ән салмасқа? Бұл конкурсқа домбыра және қобыз жетіспеді.

Аталған іс-шарада көрермендер сазгерлерді сан қырынан таныды. Олардың араларында шалқар шабытты айтпағанда, небәрі бір сағатта ән жазатын қимылы ширақ, ойына жүйрік ілеспес композиторлар да бар екен. 

Бір сағат. Бірақ ол былай ғой, шабыт келеді. Бір сағатта жазасың. Содан кейін оны өңдеумен айналысасын. Ұйымдастырушыларымызға үлкен сенім артамын. Сол себептен менің ойымша, таңдау өте әділ болды деп ойлаймын.

Одан әрі әнмен өрілген іс-шара театрландырылған образдармен толықтырылды. Әлия Назарбаеваның " Жандану әлемі" қорының ұйымдастыруымен "Бала дауысы" 6 -шы мәрте өткізілгелі тұр. Қорытынды концерт қазанның 7-9 аралығына жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде