{metadescription}
Сауалнама нәтижесі: Вакцина алуға қарсы / қарсы емес
Сауалнама нәтижесі: Вакцина алуға қарсы / қарсы емес

Сауалнама нәтижесі: Вакцина алуға қарсы / қарсы емес

Екпеге қарсыларға ақпараттық жұмыс жүргізуге таптырмас тетік. «Ел үшін егілемін» азаматтық штабы вакцина алуға қарсылар мен жақтайтындар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Еліміздің барлық өңірінде өткен сауалнамаға 18 жастан асқан екі жарым мыңнан астам адам қатысқан. Коронавирусқа қарсы екпе жұмыстарына орай түрлі сұрақ қамтыған штаб өкілдері кейбір азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі жоқтығын жасырмайды. Өйткені респонденттердің 21 пайызында вирус белгілері бола тұра, ПТР-сынамасын тапсырмаған. Алайда сауалнамаға қатысқандардың 11,9 пайызы екпеге қарсылық танытса, 24 пайыздан астамы вакцинаны қолдаған. Ал зерттеу қорытындысы бойынша «кеселге қарсы екпе – қауіпсіз» деген мамандар денсаулық сақтау министрлігі жаппай вакциналауға сенімі төмен аймақтарда жұмыс жүргізуге әзір дейді.

Серік Берқамалов, «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі:

- Қазақстан халқының басым бөлігі вакциналауға, вакцинаға жақсы жағынан қарап жатыр. Қолдап жатыр. Біздің ойымызша, 10 миллион халық жақын арада вакцина алып, жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде