{metadescription}
Байқоңыр кемесін жалғыз ғарышкер басқарып барады
Байқоңыр кемесін жалғыз ғарышкер басқарып барады

Байқоңыр кемесін жалғыз ғарышкер басқарып барады

Байқоңыр ғарышты игеру тарихында ғана емес, ғарышта түсірілген фильмге қатысы бар нысанға айналды. Бүгін әлемде алғаш рет ғарышта көркем фильм түсіретін ресейлік топ мінген «Союз» кемесі осы айлақтан орбитаға аттанды.

Байқоңырдан көкке көтерілген кемені осы жолы жалғыз ғарышкер басқарып барады. Бұл тарихта болмаған жағдай. Оның екі көмекшісінің орнына режиссер Клип Шипенко мен актриса Юлия Пересильд жайғасқан. 20 үміткердің ішінен таңдалған актрисаны ғарыш сапарына дайындау үш жарым айға созылған. Юлия Пересильд көрмегенді сол дайындықта көргенін айтып ағанынан жарыды.  Отқа да, суға да түскен ол енді өз түйгенін 12 күндік ғарыш сапарында қолданады. Фильм қарапайым дәрігердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін теңсіздікке аттанғаны туралы түсірілмек. Жоба кинематография тарихында тәуекел тұрғысынан теңдесіз туынды болатынын мамандар да мойындап отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде