{metadescription}
Елімізде шетелдік саяхатшылар 75 пайызға азайып кеткен
Елімізде шетелдік саяхатшылар 75 пайызға азайып кеткен

Елімізде шетелдік саяхатшылар 75 пайызға азайып кеткен

Пандемиядан ішкі туризм оңбай зардап шеккен. Елдегі туристік аймақтарға келуші шетелдік саяхатшылар 75 пайызға азайып кеткен.

Қайрат Сәдуақасов, «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

2019 жылы Қазақстан шекарасы арқылы 8 жарым миллион турист өткен. Бұл тек демалуға келген адамдар саны. Былтыр олар 75 пайызға дейін азайды. Енді сол саяхатшыларды қайтаруымыз керек. Қазір отандық туризм саласы мүшкіл жағдайда.

Туризм саласының 2019 жылдағы деңгейге қайта жетуі үшін кемі үш жыл қажет дейді мамандар. Онда да шетелдік қонақтарға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Мәселен, қазір біздегі туристік автобустардың 90 пайызы ескірген. Гидтерді оқытып біліктілігін арттыру маңызды. Дәстүрлі маркетингтен бөлек, турларды әлеуметтік желі арқылы жарнамалауға ден қойған абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде