Бойжеткен әкесінің сыйлығымен сыныптастарын улап тастады
Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды. Оқиға бүгін таңертең №55 мектептің дәлізінде болған. 9-сыныпта оқитын қыз әкесі сыйлаған газ баллонын сыныптастарына сынап көрмек болыпты.
Автор: Бек Әбиев
05.10.2021
Нұрмахамбет Әбдіразақов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- Қорғану мақсатында әкесі алып берген газ баллонын үзіліс кезінде шашып көрген. Оқуға кедергі болған жоқ, оқу өз уақытында жүріп жатыр.
Десе де газдың кесірінен жеті оқушы мен бір мұғалімнің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері бесеуіне сол жерде көмек көрсетсе, басы айналып тамағы ашыған үш оқушыны ауруханаға жеткізді. Олар дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне жіберілген. Ал құрбы-құрдастарын газ баллонымен тұншықтырған қыздың ата-анасы мен мектеп басшылығы енді тиісті органдарда түсініктеме жазып жатыр.
Бақытжан Пазылов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Дәл жақын арада шашатын болса, ол көздің сілекейі, мұрын сілекейі жоғары тыныс алу сілекейі қабынып, асқынуы мүмкін. Бірақ ол адамға өте қауіпті деп айта алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!