{metadescription}
Дизель отыны жетпей, Ресейден көмек сұрауға мәжбүрміз
Дизель отыны жетпей, Ресейден көмек сұрауға мәжбүрміз

Дизель отыны жетпей, Ресейден көмек сұрауға мәжбүрміз

Еліміздің батыс өңірінде де жүк көлігінің жүргізушілері ереуілдетіп жатыр. Олар дизель отынын шектеп беруге қарсы. Қазір Ақтөбеде бір қолға – 50 литр, Атырау мен Оралда жүз литрден артық бермейді.

Оның өзін алу үшін жанармай бекетіндегі дүкеннен сауда жасау қажет дейді жиналғандар. Онсыз жанармай сатылмайтын көрінеді.

Ал шенеуніктер шектеуге қарсы ешқандай шара қолдана алмайды. Өйткені мұнай өңдеу зауытындағы жөндеуге байланысты аймақтағы қорда жанармай азайған.

Атырау облысында дизельді отын тапшылығынан ауыр жүк көлігінің жүргізушілері тырп ете алмай отыр. Мұнда күніне бір қолға тек 100 литр береді. Онымен алысқа ұзап шыға алмайсың дейді жүргізушілер.

Таңат Қауменов, Атырау қаласының тұрғыны:

Тәулігіне бір-ақ рет береді. Тек «Қазмұнайгазда». Онда да 100 литрден. Онымен ешқайда шыға алмаймыз, жетпейді. Басқа не істейміз?! Күтіп, осы жерде жатырмыз. Удай қымбат.  Бір жерде 298 теңгеге дейін барып жатыр.

Ақтөбелік көлік жүргізушілерінің де өкпесі қара қазандай. Бұл жақта тіпті бір көлікке небәрі 50 литр ғана дизель отын құяды. Онысын жанармай бекетіндегілер міндетсиді екен, сұйық отын алу үшін бекеттегі дүкеннен, кем дегенде бес мыңға сауда жасауға мәжбүрлейтін болған. 

Талғат Бектауов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Жүз литр солярка алсаң, 5 мыңға такар аласың дейді. Тауар өткізуіміз керек дейді. Осы сәтті пайдаланып жатыр. Солярка бермейді. Қысымшылық. Енді қайтесің? Аласың.

Әділбек Махмұтов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Біздің мына жүк көліктерінің шығынына 50 литр деген дым болмайды. Енді 35 литр жүз шақырымға ғана жетеді. Сонда 50 литрмен 150 шақырым жүреміз. Әр 150 шақырым сайын жанармай бекеті болса жақсы. Ол атымен жоқ. 

Қазір Ақтөбе облысындағы қорда небәрі 2 мың тонна дизель отыны қалған. Оның өзі бірер күнге ғана жетеді. Шектеуді алып тастамақ түгілі, ертеңгі күні сатылымға шығарар жанармай таппай қаламыз ба деп қорқады шенеуніктер. Сондықтан көршілес Ресейден көмек сұрауға мәжбүр.

Думан Дәулетияров, Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір Ресей Федерациядан 5 жарым мың тонна дизель отынын әкелу мәселесімен жұмыс пысықталып жатыр. Сол келгеннен кейін кішкене жағдай тұрақталады.

Павлодардағы мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары дизель отынының тапшылығына басты себеп. Қордағы жанармайдың аздығын сылтау еткендер, қазір құнын қымбаттатып әлек. Бұрын литрі 200 теңгеге жетпейтін дизель отыны қазір 270-300 теңгеге дейін сатылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде