{metadescription}
Юрий Новгородов: Қашықтан білім беру мәңгүрттікке апарады
Юрий Новгородов: Қашықтан білім беру мәңгүрттікке апарады

Юрий Новгородов: Қашықтан білім беру мәңгүрттікке апарады

Әлемде жаһандық қауіпсіздік жүйесі бұзылып, халықаралық шиеленіс күшейіп, қару-жарақ жарысы үдеп кеткен. Күн тәртібіндегі түйткілді мәселелерді Елордаға 20 елден арнайы келген діни қайраткерлер талқылады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары екі жылдық үзілістен соң бас қосты.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Тағы бір маңызды сабақ қоғамда рухани және адамгершілік кеңінен дәріптеумен байланысты. Сондықтан пандемиядан кейінгі кезеңде адамзат өркениетінің рухани дамуына әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі арта түсетіні анық.

Бейбітшілік пен келісім сарайына таңертең ислам, христиан, будда, иудаизм және тағы да басқа діндердің өкілдері ағылды. Сенат спикері олардың әрқайсысымен жеке-жеке амандасып қол алысты. Бұл жиынға діндарлар салтанатты киімдерін киіп келген. Бірақ будда монархтары жалаң аяқ жүрудің орнына ыңғайлы кроссовкаларға таңдау жасапты. Ал араб шейхтері елорданың суығына қарамастан отырысқа сүйретпемен келді. Қонақтар шай іше жүріп Ауғанстандағы жағдайды бір-бірімен талқылап, осы елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алу қажеттілігін атап өтті.

Съезге қатысушылары әріптестерін пандемия салдарымен бірге күресуге, екпе алған және екпе алмаған азаматтардың бөлінуіне жол бермеуге шақырды. Ұзақ уақыттан бері бір-бірін көрмей сағынысып үлгерген діни қайраткерлердің ашық әңгімесі жеті сағатқа созылды. Съездің келесі кездесуі осы жерде, бірақ бір жылдан кейін қыркүйектің 14-15-де өтеді.

Юрий Новгородов, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы:

Күрделі мәселе өте көп. Мәселен, мен қашықтан білім беруге қарсымын. Ол мәңгүрттікке апарады. Осындай қоғамдағы проблемаларды талқылайтын ашық алаңның болғанына қуанамын. Сондай-ақ бұл отырыста бәріміз бірміз. Мысалы, менің жанымда Израильдің өкілі отырды. Ал бір дін қайраткерінен соң Ираннан келген қонақтың жайғасқанын көрдім. Шыны керек, Израиль мен Иран арасы айтарлықтай жақсы емес. Бірақ бұл съезде олар әңгімелесіп, мәселелерді бірге талқылап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.