{metadescription}
Ақжарлықтар таза суға зар болған – Түркістан облысы
Ақжарлықтар таза суға зар болған – Түркістан облысы

Ақжарлықтар таза суға зар болған – Түркістан облысы

Түркістан облысында арықтан су ішіп жүрген жұрт жолды жауып тастады. Ақжар ауылындағы ауыз су жинайтын жүйенің сүзгісі екі жыл бұрын істен шыққан. Соны ауыстырып беруді сұраған ел шенеуніктерге талай мәрте өтініш айтыпты.

Бірақ атқамінерлер селт етпеген. Соған ызаланған тұрғындар бүгін жолды жарты сағатқа жауып тастап, аудан әкімінің келуін талап етті. Таза суға зар болған елдің жайын тілшіміз көріп келді.

Таза суға зар болған Ақжар тұрғындары ауылдағы су жинағыштың сүзгісін сұрап шенеуніктерге бара берген соң, бүгін ауданнан ақ жағалылар келген. Ауыл әкімдігінің алдында кезекті уәдесін беріп тұрған еді. «Құрғақ сөзді жүз мәрте естідік» деген ел атқамінерлердің сөзін тыйып тастады.

- Е, уәделеріңе сене беріп шаршадық әбден! Қазір тура барып жолды жабамыз. Сөйтіп жауып істемесе, болмайды бұл тірлік. Қазір жолды жабамыз!

Әкімдіктен шыққан жұрт ауданаралық жолды кес-кестеді. Жеңіл көліктер былай тұрсын, тіркемесі бар трактор қойып, 100-ге тарта адам тырп етпей тұрып алды.  Жұрттың бұл қадамға баруына ауылдағы су жинағыштың істен шыққанын екі жылдан бері біле тұра, шенеуніктердің қыңқ етпегені себеп болыпты.

Әбдіуәлі Сұлтанов, Ақжар ауылының тұрғыны:

- Бұл мұнара істелген жағдайда біз суды сатып аламыз, дұрыс па, жігіттер? 1-2 теңгеден сатып аламыз. Көлігі бар адам барып сатып алады. Жоқ адамға ауылда су сататын жігіттер бар, солардан сатып аламыз. Қазір біз ағын суды ішіп жатырмыз. Ағын су болсын, егін су болсын, басында өліктері жатыр, мал жатады, мысалы. Оны шығаратын маман жоқ. Оны барып диқандар, өзіміз шығарамыз. Кейбір кезде адамның мәйіті кеп қалады, сол суды ел ішіп жатыр.

Ағын су дегені ауылдан үш шақырым жерде жатқан Өзбекстанан келетін арық суы. Былтыр мамандар «бұл су – зиян» деген қорытынды берген. Көктем мен күз аралығында келетін мұның өзін Өзбекстан тарапы тыйып  тастайды. Ал ауыл таза суға зәру екенін жұрт ауыл әкімінен бастап аудандық шенеуніктерге дейін сан рет ескерттік дейді.

Ілгербай Төребеков, Сарыағаш ауданының тұрғыны:

Көке, коллегия деді, 6 миллион 758 мың ақша түсті деді. Соған сүзгі саламыз, қойып береміз, ары кетсе бір айдың ішінде қоямыз деген. Сонымен қазір алты ай болды. Қазір 7-ші айға кетіп бара жатыр. Жоқ, Аллаһу акбар!

Ал екі жыдан бері жыр болып жатқан ауыл ішіндегі осы мұнараның сүзгісі екен. Әр үш жылда ауысып тұруы тиіс құрылғы сегіз жылдан бері жаңартылмаған. Мамандар қайта-қайта тазалап амалдағанымен, биыл істен шығыпты. Ал сүзгісіз жер астынан шығып жатқан суды ішу мүлдем мүмкін емес.

Ақжар ауылында таза су жинайтын ауыз су қоймасы бар демесеңіз, тұрғындар оның рахатын көріп жатқан жоқ. Одан қарағанда Өзбекстаннан келетін арық пен Келес өзенінің суы әлдеқайда тәттірек дейді. Бірақ өзен лай, қоқысқа толған. Тек, жұрттың мұны ішпестен басқа амалы жоқ.

Таза тіршілік нәріне зар болған жұрт жарты сағаттан астам жолды жауып, аудан әкімін талап еткен. Жедел жәрдемнен өзгесін жібермей, өзге шенеуніктерге көнбей қойған соң, ақыры Сарыағаш ауданының басшысы келді. Айтуынша, компаниялардың барлығы арзан сүзгі ұсынған соң тәуір мердігер іздеп жүріп қалыпты. Сондағы жұртты шулатып отқан сүзгінің бағасы бар-жоғы 4 жарым миллионға да жетпейді.

Мұхит Отаршиев, Сарыағаш ауданының әкімі:

- Мердігер мекеме бүгінгі таңда келісім-шартқа қол қойып отыр. Келесі аптаның жұма күніне дейін жұмаға дейін деп отыр. Соған дейін біз барынша тырысамыз. 

- Тырысасыздар, бірақ уәде емес қой бұл? 

Жоқ, бұл уәде.

Сүзгі ауыстырудан аузы күйген болуы керек, әкім  сүзгінің бірнешеуін бірақ алып қоямыз деп белсенді. Ал ел шенеуніктер айтқан мерзімде таза су берілмесе, ауданаралық емес, халықаралық тас жолды жауып тастаймыз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде