Көкшетауда опырылған үйдің төбесі қарт әйелді басып қалды
Көкшетауда тұрғын үйдің төбесі опырылып, шырт ұйқыда жатқан әйелді басып қалды. Үйінді астында қалған 63 жастағы зейнеткер сол сәтте көз жұмған. Ал көрші бөлмеде жатқан екі жасөспірім – аман.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
06.10.2021
Александр Метров, марқұмның ұлы:
- Ұйықтап жатқан балалар гүрс еткен дауыстан шошып оянған. Жүгіріп әжесі жатқан бөлмеге келсе, үйінді астынан ыңырсыған дауысын ғана естіпті. Мен іссапарда болғанмын.
Оқыс оқиға түнгі сағат бір шамасында болған. Үйдегілер шырт ұйқыда жатқанда төбе опырылып түскен. 1958 жылы туған әйелді ауыр балшық пен бөренелер басып қалқан. Ал 13-14 жастағы екі жеткіншек дін аман. Үйінді астында жаны қиналып жатқан әжелерін көріп туыстарына телефон шалып көмек сұраған. Бірақ зейнеткерді аман алып қалу мүмкін болмады. 70 жыл бұрын шлактан құйылған ескі үйде екі жыл бұрын өрт те болған. Сол кезде құйылған судан қабырғалары шытынап төбесі жарыла бастапты. «Жөндеуге қаражатым болмады» - дейді марқұмның ұлы.
Асқар Сапаров, Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының аға инженері:
- 1-ге 12 минут қалғанда хабар жетті. Бірден екі арнайы техника мен жеке құрамнан 9 адам оқиға орнына аттандық. Өкінішке қарай, үйінді астында қалған зейнеткердің денесін алып шықтық. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!