Алматы тұрғындары құрты бар су ішіп отыр
Алматыда тұрғындар құрты бар суды ішуге мәжбүр. Жұрттың лай суды бірнеше сүзгіден өткізіп тұтынудан басқа амалдың жоқ. Белсенділер әкімдік табалдырығын талай тоздырғанымен, еш нәтиже болмапты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
07.10.2021
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаны көргендердің төбе шашы тік тұрды. Бірі «масқара» деп шықса, екіншілері сене қойған жоқ. Алматының Таужолы шағын ауданының тұрғындары мұндай жағдайға тап боламыз деп ойламаған. Айтуларынша, құм аралас құрты бар суды ішуге жарамды қылу үшін бірнеше сүзгіден өткізеді. Бірге ағып келетін қоқыстан бітеліп қалатын сүзгілерді күніне жиі ауыстырып тұруға жылдап еті үйреніп қалған. Ауызсудың осыншалықты лас болуының себебі: су ашық жатқан қоймадан келеді екен. Белсенділер шағымдануға уәкілетті органдарға барса да, мардымды жауап ала алмаған. Тек әлеуметтік желідегі тұрғындардың шағымына Нурызбай аудандық әкімдігінің берген жауабына сенсек, желтоқсан айына дейін сүзгілеу станциясының құрылысы бітеді. Ал құрт-құмырсқамен кеп жатқан ауызсудан сынама алып тексеру жүргізбекші екен.
Гүлжан Иманова, Алматы тұрғыны:
- Құрт, лай шығады. Жалпы таза су емес. 6-7 сүзгіден өткіземіз. Суды солай ішеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!