Қазақстан тағы алты елдің вакцина құжатын мойындады
Қазақстан шетелдіктерге есігін айқара ашады. Үкімет тағы алты елдің екпе құжатын мойындады. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысында жазылған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
07.10.2021
Енді қазақстандықтар коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестің теріс нәтижесімен Аргентина, Иран, Сан-Марино, Венгрия, Таиланд, Түркия және Моңғолияға сапарлай алады. Ал жақын жатқан шетелдерден Грузия, Армения, Беларусь, Молдова, Қырғызстан, Эстония тізімде бар.
Бұл елдердің азаматтары біздің елімізге де оп-оңай келе алады. Өйткені вакцина құжаттарын екі тарап та мақұлдаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!