{metadescription}
Аяғы ауыр әйелдер жүктіліктің қай мерзімінде екпе салдырады?
Аяғы ауыр әйелдер жүктіліктің қай мерзімінде екпе салдырады?

Аяғы ауыр әйелдер жүктіліктің қай мерзімінде екпе салдырады?

Аяғы ауыр әйелдер жүктіліктің 12-ші аптасында ковидке қарсы екпені салдыруына болады. Қазақстандық инфекционистердің екінші конгресінде дәрігерлер болашақ аналарға осындай кеңес берді.

Сарапшылар америкалық Pfizer препаратының жүкті әйелдерге қауіпсіз деп санайды. Ал егер дүниеге бала әкелуді жоспарлап жүргендер болса, олар екпені жүктілікке дейін алғаны жөн.

Вячеслав Ловшин, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:

- Әйелдер аяғы ауыр болғанға дейін, 3-4 апта бұрын екпе салдырғаны дұрыс. Ал бала көтергендер жүктіліктің 16-шы, тіпті 12-ші аптасынан кейін вакцина алғаны тиімді. Егер әйел екпе алар сәтте жүкті екенін білмесе, ештеңе етпейді. Баладан бас тартып, алдыртудың қажеті жоқ. Бұл коронавируспен ауырып шыққан сияқты жағдай. Бүгінде вирусты жұқтырған аналар балаларын өмірге әкеліп жатыр. Ешқандай ауыр салдарын байқамадық. Сол үшін вакциналау инфекциядан қорғанудың жалғыз әдісі. Pfizer мен Moderna осы мақсатта қолданылуда.

Мамандар вакцинадан гөрі коронавирустың өзі репродуктивті жүйеге үлкен қауіп төндіретінін айтады. COVID-19 ерлердегі тестостерон деңгейін төмендетеді және әйелдердің ұрықтану қабілетін бұзады екен. Ал вирусты жұқтырған немесе екпе алған әйелдер босанғаннан кейін нәрестесінде  коронавирус расталмайтын болып шықты. Керісінше, бала антиденелермен туылады. Сондай-ақ дәрігерлердің сөзінше, инфекцияны қыздарға қарағанда ұлдар көп жұқтырады. Осы жылдың тоғыз айында 66 мыңнан астам балада ПТР нәтижесі оң болған. Жұқпалы ауруларды емдейтіндер COVID-19-ға қарсы вакцина баланың иммунитетіне зиян тигізбейді деп сендіреді.

Мамандар вакцинадан гөрі коронавирустың өзі репродуктивті жүйеге үлкен қауіп төндіретінін айтады. COVID-19 ерлердегі тестостерон деңгейін төмендетеді және әйелдердің ұрықтану қабілетін бұзады екен. Ал вирусты жұқтырған немесе екпе алған әйелдер босанғаннан кейін нәрестелерінде коронавирус расталмайтын болып шықты. Керісінше, бала антиденелермен туылады. Сондай-ақ, дәрігерлердің сөзінше, инфекцияны қыздарға қарағанда ұлдар көп жұқтырады. Осы жылдың тоғыз айында 66 мыңнан астам балада ПТР нәтижесі оң болған. Жұқпалы ауруларды емдейтіндер COVID-19-ға қарсы вакцина баланың иммунитетіне зиян тигізбейді деп сендіреді.

Георгий Дрынов, Болон университетінің аллергология және иммунология бакалавриатының жетекшісі:

- Инфекцияны жиі жұқтыратын баланың портреті туралы айтатын болсақ, біз сыртқы және ішкі факторларды атап өтуіміз керек. Ішкі факторлар, ол иммундық жүйенің жетілмегендігі, тыныс алу жолдарының ауруларына тұқымқуалаушылық, сондай-ақ жүктілік пен босану кезіндегі проблемалар. Ал сыртқы факторларға күнделікті режимді елемеу, емшектен ерте шығарылу, баланың темекі шегуі, дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану жатады. Бұл соңғы жылдарда жиілеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде