Нобель сыйлығы биыл журналистерге бұйырды
Сөз бостандығын қорғауға күш салған! Нобельдің бейбітшілік саласы бойынша сыйлығы биыл журналистерге бұйырды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
08.10.2021
Әлемдегі ең беделді марапатқа Ресейдегі "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист-зерттеуші Мария Ресса лайық деп танылды. Аталған ақпарат құралдарының өкілдері өз еліндегі қауіп-қатер мен қоқан-лоққыға қарамастан, ұдайы пікірлерін еркін білдіріп, әріптестерінің құқығын ашық қорғағаны үшін марапатталды. Лауреаттарға бір миллион доллар көлемінде сыйақы табысталады.
Биыл Нобель сыйлығына 95 ұйым мен 234 адам ұсынылды. Олардың арасында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный, Беларусь оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихановская, швед экобелсендісі Грета Тунберг болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!