{metadescription}
Жарығы жиі сөнетін «Алма сити» пәтерлерін кәріз суы басты
Жарығы жиі сөнетін «Алма сити» пәтерлерін кәріз суы басты

Жарығы жиі сөнетін «Алма сити» пәтерлерін кәріз суы басты

Пәтерлерді кәріз суы басқан. Алматыда жаңа салынған «Алма сити» кешенінің тұрғындары тағы шу шығарды. Жұрт тұрғын үйдің құбыры  қисық әрі жөнсіз орналасқан деп отыр.

Жертөледегі құбырларға жиналған нәжіс араласқан су бірінші қабаттағы пәтерлерге атқылаған. Халық бұған пәтер иелері копиративінің салғырттығы себеп дейді. Өйткені олар қарашаның арыз-шағымын мүлдем елеп-ескермейді екен.

- Су басып қалды.Үшінші рет қайталанып тұр. Мына жерде 10-15сантиметр су тұрған. Мынаның барлығын жөндеу керек. Бар жер су болып кетті.

«Алма сити» тұрғындары сарғайып кеткен қабырғасын көрсетіп жыларман болды. Су жаңа пәтерге кірген қараша енді шығынды кімнен өтерін білмей жүр. Айтуларынша, бірінші қабаттағы пәтерлердің ішіне нәжіс аралас су түгел жайылған. Себеп: жертөледе орналасқан құбырлар бітеліп, кәріз қалдығы үйдің ішіне атқылапты. Жертөлеге біз де түстік. Жинап үлгерген екен. Алайда қолқаны қапқан мүңкіген иіс әлі тұр.

Мәселенің түп-төркіні жертөледен басталған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құбырлар қисық орналастырылып, қатты қысымнан су жоғарыға атқылап, бірінші қабатты су басып қалған. Қиындық бұнымен таусылмайды – күнделікті өшетін жарық және қорқынышпен қолданатын су.   

Жоғарғы қабаттағы тұрғындардың да жағдайы мәз емес. Жауын-шашын болған күні төбеден сорғалаған су берекесін қашырады.  Төбеден де, төменнен де су алып жатса, қырсыққанда ауыз судың сапасы сын көтермейді. Тат басқан құбырмен келетін тіршілік нәрінің түсі сап-сары. Ішпек түгілі, жуынуға қорқамыз дейді. Ауыз судың зардабын тартқан халық жарықтың жиі өшуі жығылғанға жұдырық болды дейді.  

Сәуле Қуанышбекова, Алматы қаласының тұрғыны:

Жарық жиі өшеді. Содан кейін, суық су кейде жоқ болып қалады. Газ әлі жоқ. Газдың қосылуын күтеміз. Әйтеуір бірдеңені жөндесе, бірдеңені үзіп кетеді. Өткенде мына жердегі электр энергиясын үзіп кетіп, үйдің барлығы жарықсыз қалды. Жағдайымыз осы.  

«Жарық пен таза суға зар болдық» деп шырылдаған тұрғындар пәтер иелер коперативі жұмыс істемейді деп отыр. Олар жұрттың сан мәрте жазған арыз-шағымына ешй жауап қатпай, жұмысына немқұрайлы қарайды дейді тұрғындар. 

Ғалия Қыпшақбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- ПИК акті толтырамыз, сүйтеміз-бүйтеміз деп, түк те жоқ. Сонымен оның барлығы қалды. Акті де толтырмаған, еш зақым болмаған деп. Әйтеуір біздің өзімізді кінәлайды. Сүйтсек кінәнің бәрі астында жатыр екен. Сонымен  жағдай осындай.  

Тұрғындар кінә артқан пәтер иелер кооперативі өз міндетіне кіретін қызметтің барлығын атқарамыз деп сендірді.

Нұрым Боранбаева, «Алма сити» ПИК басқарушы директоры:

- Ол деген темір ғой. Темір болған соң, болады. Темір қазір сапасына қарай ғой, жарылады. Уақытында келіп, төтенше жағдай өтінім бергеннен кейін барамыз. Түн болсын, күн болсын. Бізде төтенше жағдай 24 сағат жұмыс істейді.

«Алма сити» тұрғын үй кешенінің пәтер иелері кооперативі өзіне шаң жуытпады. Алайда тұрғындар бүлінген пәтерін жөндеп беруін немесе шығынды өтеуін талап етті. Талап орындалмаса, бұқара құрылыс компаниясына шағымданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде