{metadescription}
«Жануарларды қорғау туралы» заңдағы өзгерістер
«Жануарларды қорғау туралы» заңдағы өзгерістер

«Жануарларды қорғау туралы» заңдағы өзгерістер

Ит пен мысық етін жесеңіз, жазаланасыз! Қазақстанда үйде асырауға болатын жануарлардың етін жеу оларды қинап өлтіру қылмысымен теңестіріледі. Заңды өрескел бұзғандар қомақты айыппұл арқалайды, оның көлемі үш миллион теңгеге дейін болуы мүмкін.

Ал қамауға алу мерзімі әр жазаға әртүрлі. Ең көбі бір жылға дейін темір торға тоғыту. Бұл жаңашылдықтың бәрі «Жануарларды қорғау туралы» заңда қарастырылады. Экология министрлігі таныстырған құжат жобасындағы өзгерістер қандай?  

Жануарларды қорғау керектігін қоғам белсенділері біраздан бері талқылап келеді. Оған негіз де жоқ емес. Балалармен қоса, ересектердің жан-жануарға деген аяусыз әрекетінен бәрі хабардар. Көше кезген ит-мысық көбейіпті. Оларды асырап қорғамаса, жойылып кетеді, экология нашарлауы мүмкін екен. Жануарларды қорғайтын заңның қаңқасы дайын. Оның қандай екенін экология министрлігі бүгін бүге-шүгесіне дейін айтып беруге тырысты.

Шенеуніктер заң жобасында қаңғырған болсын, үйде асырайтын болсын, жануар атаулыны барынша қорғапты. Ең маңыздысы – жазалау шаралары. Өйткені Қазақстанда жануарларды қинап, оны асып қоятын немесе тоңазытқыштың есігіне қыстырып, ұратын, көлікпен сүйреуге дайын қаніпезерлерге жаза тым жеңіл. Енді ит-мысықты азаптап өлтіргендер бір жылға қамалады.

Данияр Тұрғамбаев , ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:

- Екі немесе одан да көп жануарларға алдын ала сөз байласу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін  қолданып көпшілік алдында жануарларға бірнеше рет жауыздық жасаса, 1 000 айлық есептік көрсеткіш (2 917 000 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы. Қылмыстық кодексте сондай күшейтулер қарастырылған.  

Жантүршігер жағдайлар үшін жаза былай тұрсын, енді үй жануарлары кенеттен өліп қалып, оның өлімін хабарламағандар да жауапқа тартылады.  Он күн ішінде арнайы ветеринарлық орындарға хабар бермегендер 20 айлық есептік көрсеткіштен жоғары көлемде айыппұл төлейді. Тек ит-мысық емес, тіпті ол тотықұс, ақ тышқан, алақоржын болса да, өлгені есепке алынады.

Әлия Шалабекова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Тотықұсқа келер болсақ, ол сатып алынар кезде есепке алынады. Чиптелінеді. Өлген кезде ветеринарлық қызметтерге айтылуы тиіс. Сонда есептен шығарылады. Оның өлгені хабарланбаған жағдайда, бірінші рет 20, тағы қайталанса 30 айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл төлейді.

Министрліктегілер үй жануарының өлгенін көршілері айтып береді деп сенеді. Ал тараздық құс асыраушы Андрей шенеуніктердің бұл өзгерісін аса құптамайды. Ол мұны «құр әурешілік, бос сенделту» дейді.

Андрей Савельев, Тараз қаласының тұрғыны:

- Бірде біздің шымшығымыз өлді, әлсіз болған, тағы біреуі ауырғанда ветеринарға апардық. Сонда енді сол құс өлсе, оның өлгенін хабарлауым керек пе? Не үшін? Өлген құсты әрі-бері тасып не істеймін? Әурелеп не істейді адамдарды? Сосын сол құсты менің асырап жатқанымды ешкім білмейді емес пе? Өлді, болды, көміп тастадық. Меніңше, сол дұрыс.

Жануарларды чиптеу, зарарсыздандыру, уақытында егу, емдеу де әр жануар егесінің мойнында. Мұндай өзгерістерге ит-мысықты уақытша қалдыру орындарындағы зоотехниктер қолдайды. Егер талап етілсе, олар заңға бағынамыз дейді. Әсіресе чиптеу қазір өте өзекті. Чиптеу елімізде 2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Валерия Салтаева, зоотехник:

- Чиптеу, менің ойымша, жұмысты жеңілдетеді. Жоғалған жануарды тез табуға көмектеседі. Иелерінің де мәліметтерін көруге болады. Осы қонақүйге ит пен мысықты қабылдарда вакциналау құжатын сұраймыз. Сол сияқты микрочиптердің қойылғанын талап етеміз деп ойлаймын.

Заңда иттерді төбелестіру дегенге де тыйым салу да қаралған. Дельфинарийлер жабылмайды. Экология министрлігі бірінші кезекте бизнесті ойлапты. Бірақ дельфиндерге қолайлы жағдай жасайтындай жаңашыл тұсы болады деп сендірді.

Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын қарауға кірісті. Құжат жаңа жылға дейін қабылданады деген жоспар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде