{metadescription}
COVID-19: Жағдай қайта ушықты
COVID-19: Жағдай қайта ушықты

COVID-19: Жағдай қайта ушықты

«Сары»деңгейге өткеніне бір апта болмаған Ақмола облысы қайта  «қызыл» аймаққа ауысты. Өйткені өңірде коронавирус өршіген. Ал жалпы ел аумағындағы жағдай тұрақты дейді мамандар.

Бүгін 1896 адамнан қауіпті кесел анықталғанын дәрігерлер салыстырмалы түрде аз деп отыр. Сондықтан аурудың таралу көрсеткіші төмендеген Қарағанды облысында бүгіннен бастап «сары» аймақтың тәртібі орнады. Ал осы аймақтағы Ақтөбе мен Павлодар облыстары мамандарын індеттің мектеп оқушылары арасында көптеп тарап жатқаны алаңдатып отыр.

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны  42609 адамға жетті. Санитар дәрігерлер карантин шараларын сақтамай, арқаны кеңге салу аурудың өсуіне әкеліп соқтырды, - дейді. Бұған көрші облыстардағы коронавирустың таралу ахуалы да әсер еткен. Осы жолы карантин шараларын күшейтудің де қажеті болмай қалды.Өйткені үш ай «қызыл»аймақтағы облыс екі аптадан кейін ғана шектеуді жеңілдету керек болатын. 

Серік Омарханов, Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- «Сары» деңгейге ауысқанда карантин шараларын жеңілдетіп те үлгерген жоқпыз. Жағдай қайта ушықты. Бірақ «Ашықпен» жұмыс істеу, түрлі көпшілік шаралар өткізіп жатқан нысандарға да ыңғайлы болып тұр. Олар осылайша жұмысын жалғастыра береді. Ондай жерлерге қауіпсіздік сақталу үшін мобильді қосымшада «жасыл» мәртебе болса болғаны.

Ақтөбе облысында бір апта ішінде коронавирустан 15 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны күн санап азайып келе жатқанымен, дерті дендегендер көп. Қазірдің өзінде 55 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 161 баланы бақылауға алған. Олардың сыныптастарына мектепке баруға тыйым салыныпты.

Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:  

Облыста коронавирус инфекциясынан 15 адам қайтыс болды. Қазір  жағдайы ауыр науқас саны55. Ақтөбе қаласында 51 және де аудандар бойыншатөртеу. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Павлодар облысында сабақ басталғалы бері 700 ден аса мектеп оқушысынынан қауіпті кесел табылған. Ауру нәрестелерден де анықталуда. Бір жасқа толмаған сәби екі ай бойы жансақтау бөлімінде осы індеттен хал үстінде жатыр. Павлодарлық дәрігерлер кесел жұқтырғандар саны азайғанымен, науқастардың жағдайы қиын деп отыр.

Ирина Мищенко, Павлодар облысы жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары:  

Облыс көлемінде күніне коронавирус жұқтырған 100-ден аса науқасты түрлі ауруханаларға жеткіземіз. Бір атап өтерлігі, арасында балалар көбейіп барады. Оның үстіне, қазір науқастар ауруханаларға ауыр жағдайда түсе бастады

Қарағанды облысы бүгіннен бастап «сары» аймаққа толық өтті. Бірқатар жеңілдік те күшіне енді. «Ашық» бағдарламасынсыз көптеген нысандарға бас сұғуға болады, бірақ белгіленген тәртіп сақталуы шарт.

Еркенұр Әрінова Қарағанды облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің маманы:

- Адамдар көп жиналатын салтанатты, естелік, отбасылық іс-шара, банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, конференцияларды, форумдарды, ойын-сауық және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қонақ саны 50-ден 70-ке дейін ұлғайтылды, толымдылығы 50 пайыздан аспауға тиіс.

Қарағанды облысының дәрігерлерін күніне кесел анықталып жатқан науқас санының 200-ге жетпей тұрғаны қуантады. Бұлай жалғасса, жетістік еселене түстенініне сенімді.

Ал елде бүгінге дейін 900 мыңанан аса адам коронавирус жұқтырды. 11 459 науқас бақилық болды. Тіпті кешелі бері жағдайы күрт нашарлаған 43 азамат бүгін атқан таңды көре алған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.