{metadescription}
Вакциналау паспорты мен ПТР-тест тексеру заңдастырылады
Вакциналау паспорты мен ПТР-тест тексеру заңдастырылады

Вакциналау паспорты мен ПТР-тест тексеру заңдастырылады

Елімізде қызметкерлердің вакциналау паспорты мен ПТР-тест қорытындысын тексеру заңдастырылатын болды. Санитария-эпидемиологияны бақылау комитеті мен ұлттық экономика министрлігінің бірлесіп әзірлеген бұйрығы қоғамда талқыға  шығарылды.

Қазір бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, қызмет көрсету саласында еңбек ететіндер жұмысқа вакциналау паспортымен кіргізіледі. Ал екпе алуға қарсы қызметкерлер апта сайын ПТР-тест  тапсыруға міндетті. Денсаулығына байланысты вакцина алуға қарсы көрсетілімі бар азаматтар жұмыс берушіге медициналық анықтама әкелуі шарт. Жаңа құжат осы талаптың қаншалықты сақталып жатқанын тексеруге мүмкіндік береді. Онда тексерістің нақты қалай жүргізілетіні жазылған. Сәйкестігі тексерілетін 26 норма бар. Ал құқық бұзушылық дәрежелері өрескел, елеулі және елеусіз болып бөлінеді.

Әйгерім Садубаева, Санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басқарма басшысы:

- Жеке тұлғалар жазаланбайды. Тек жұмыс берушіге айыппұл салынады. Санитарлық ережені бұзған кәсіпорындар мен мекемелер  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен айыппұл арқалайды. Құжат 20-қазанға дейін қоғамда талқыланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.