{metadescription}
Дулат Исабеков: «Жыладым, Бөртеге өзім ғашық болдым ...»
Дулат Исабеков: «Жыладым, Бөртеге өзім ғашық болдым ...»

Дулат Исабеков: «Жыладым, Бөртеге өзім ғашық болдым ...»

Әлемдік театр қазақ шедеврімен толықтырылды. Су жаңа Түркістан музыкалық драма театры шымылдығын белгілі драматург, жазушы Дулат Исабековтің сиясы кеппеген «Бөрте» спектаклімен ашты. Қойылымға италиялық режиссерлар арнайы  келген.

Қоңырат тайпасынан шыққан Бөрте – Шыңғысханның әйелі. Қойылым 10 жасар Темучин мен Бөртенің танысуынан басталып, Шыңғысханның алып империяны басқарған тұсын қамтиды. Бұл кезеңде Темучин алауыздық жайлаған моңғол тайпаларын біріктіріп ұлы қаған  болып атанады. Драма мен трагедияға толы спектакль батыл, ақылды әрі сұлу Бөрте ханымның өмірі туралы. Драматург Дулат Исабековтің шығармасын жақын арада Цюрих, Люксембург, Вена мен Мельбурн театрлары сахналамақшы.

Дулат Исабеков, драматург:

- Жазып біткеннен кейін өзім жыладым. Бөртеге өзім ғашық болдым. Бөрте деген ақылды, Бөрте деген өжет. Шыңғысханға «сен» деп сөйлеген жалғыз адам жер бетінде – сол. «Әй, Темучин» деген – сол. Шыңғысханның бүкіл қателігінің бәрін көзге басып айтатын жалғыз – осы. Содан кейіннен де Шыңғысханның талай рет ордадан қуып жіберген «басыңды алам» деп қылышын талай қайраған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде