{metadescription}
Жасмин Түзелова – «Бала дауысы» ұлттық ән конкурсының жеңімпазы
Жасмин Түзелова – «Бала дауысы» ұлттық ән конкурсының жеңімпазы

Жасмин Түзелова – «Бала дауысы» ұлттық ән конкурсының жеңімпазы

«Бала дауысы» ұлттық ән конкурсының жеңімпазы анықталды. Гран-при бұл жолы елордалық ең жас үміткер Жасмин Түзеловаға бұйырды. Жас дарын сонымен қатар «Жандану әлемі» қоры тағайындаған атаулы білім беру грантының да иегері болып  атанды.

Қор мұрындық болған балалар ән байқауының биылғы алтыншы маусымында еліміздің әр өңірінен келген 8-12 жас аралағындағы 17 үміткер бақ сынады.  

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән бәйгесі жыл сайын ерекше бағдарламамен өтеді. Былтыр кішкентай өнерпаздар авторлық әндерді шырқаса, биылғы VI маусымда олар шетелдік және отандық хит әндер мен әйгілі шығармаларды орындады. Ұйымдастырушылар әр қатысушымен жылға тарта жұмыс істеген.

Толғанай Хасенқызы, «Бала дауысы» ұлттық байқауының ұйымдастырушысы:

- Балалардың дайындығы жоғары деңгейде. Себебі, біз балармен тоғыз ай бойы жұмыс істедік. Актерлік шеберліктен, хореография, вокалдық сабақтардан балалар тәлім алып, онлайн, офлайн жұлдызды үйлер болды. Сонда балалар шығармашылықтарын жетілдірді.

Балалардың өнерін Әли Оқапов, Әйгерім Рақышева, Бейбіт Көшқалиев бастаған мәдениет және өнер саласындағы танымал тұлғалар бағалады. Кәсіби мамандардың көмегіне жүгіне отырып дауысын икемге келтіре білген үміткерлер сол қазылардың жоғары балына ие болды. Ал төрешілер жеңімпазды таңдауда музыкалық білімі бар жас таланттарды айырықша бағалапты. Әрі бірнеше критерийге де мән берген.

Әли Оқапов, қазылар алқасының мүшесі:

- Әрқашанда, ең біріншіден, дарын, бойындағы талант, онымен қатар оған кіретін ырғақ сезу, онымен қатар музыкалық есту қабілеті және артистизм. Дәл осындай өлшем бойынша біз бүкіл аймақтардан онлайн тұрғыда өтінім қабылдап, бақылап, арасынан ең мықтыларын таңдадық.

Ең күнге созылған байқаудың гала-концертінде жезтаңдай бүлдіршіндер ішінен оқ бойы озық шыққандардың есімі аталды. Елордалық сегіз жасар Жасмина Түзелова 16 үміткерді шаң қаптырып, бас жүлдені қоржынына ілді. Оған Ұлттық өнер университетінің гранты бұйырды. Маңғыстаулық Әмина Асхатова бірінші орынға қол жеткізсе, екінші орын алматылық Юлия Макс пен Қарағанды облысынан келген Виктор Емельяновқа бұйырды. Ал сегіз жасар жеңімпаздың қуанышында шек жоқ.

Жасмин Түзелова, «Бала дауысы» ұлттық байқауының жеңімпазы:

Өте қуаныштымын. Ағылшынша өлең "Never enough" деген. Дайындаламын, еңбектенемін.

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының VI маусымы аяқталды. Жыл басынан бері еліміздің әр  өңірінен 6 мыңға жуық  үміткер қашықтықтан бақ сынап, таланттылар ішінен оқ бойы озық шыққан 17 жеңімпаз елорда төрінде өтетін ақтық кезеңге жолдама алған еді.  Енді сол 17 үздік үміткер екі күн  бойы  «Қазақстан» концерт залында ән шырқап өз өнерін көрерменге паш етті. Осылайша күміс көмей жас балғындардың ең мықтылары жүлделі орындарды қанжығасына ілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.