Әйелін атып өлтіріп, өгей қызы мен жиенін жаралаған – СҚО
Әйелін атып өлтіріп, өгей қызы мен жиенін жаралаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны алдағы 23 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. 58 жастағы азаматқа сот бүгін осындай үкім кесті.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
11.10.2021
Сергей Викторенко, судья:
- Юрий Глушков жазасын ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін. Күдіктіге «адам өлтіру» және «адам өлтіруге әрекет жасау» баптары бойынша екі бірдей айып тағылған еді. Қылмыс істеген қарулары тәркіленсін. Глушковқа 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін.
Жантүршітер оқиға төрт ай бұрын Тимирязев ауданында болған. Арақты біраз сілтеген Юрий Глушковтан әйел кетіп қалады. Қызы мен жиенін де ерте кетіпті. Ашуланған қаскөй жұбайын төркініне іздеп барып қару кезенген. Кеудесі мен басына оқ тиген әйел сол жерде жан тапсырыпты. Ал көзі қанталаған отағасы мұнымен тоқтамай, үйде болған марқұмның қызы мен жиен немересіне де оқ жаудырған. Ауыр жарақат алған 13 жастағы Кристина жансақтау бөліміне түсіп есін әзер жиған. Күдікті кінәсін толық мойындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!