{metadescription}
COVID-19: Вакциналау межесіне жете алмай отырмыз
COVID-19: Вакциналау межесіне жете алмай отырмыз

COVID-19: Вакциналау межесіне жете алмай отырмыз

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакциналау межесіне әлі толық жеткен жоқ. Депутаттардың Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының көрсеткішіне көңілі толмады.

Денсаулық сақтау министрінің мұндай сынға құлағы үйренгендей. Алексей Цой үш облыстың қарқынын көтеруге қоғам белсенділерін тартыпты. Бүгінде аймақтар арасында COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар арасында Шымкент алдыңғы орынға шықты.

Үкімет сағаты әр министрге сын сағатындай. Мәжілісмендерге бүгін денсаулық сақтау министрі елдегі санитария-эпидемиология жағдайын баяндады. Депутаттар саладағы барлық мәселені қозғады. Оған бас қатырып жауап берген Цойды көрмедік. Шенеунік жұмыс істелініп жатыр, өйтеміз, бүйтеміз деп оңай құтылды. Соның бір мысалы – өңірлердегі вакциналау қарқынының төмендігі.

Үкіметтің 1-қыркүйекке дейінгі жоспарында 10-11 миллиондай қазақстандық коронавирусқа қарсы егілуі керек болған. Бұл санға сол күйі жете алмадық. Бүгінде елімізде 6 миллион 800 мың адам екпе салдырған. Бұл жақсы көрсеткіш деп пайымдағанымызбен, вакциналау қарқыны төмен өңірлер бар. Маңғыстау – 38,9, Батыс Қазақстан облысы –  55,8, Қостанайдың –  57,9 пайыз халқы вакцина алған.

Лариса Павловец, Мәжіліс депутаты:

Вакцинаның бірінші және екінші компонентін алу жағынан Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары қалып келеді. Республикалық көрсеткіштен төмен. Не себепті өңірлерде мұндай жағдай орын алды?

Цойдың сөзінше, мәжілісмен келтірген үш аймақ коронавирус инфекциясына қарсы вакцина ғана емес, басқа да вирустардың екпесін алуда көш соңында. Бір жағынан жергілікті шенеуніктер халықты дұрыс ақпараттандырмауы себеп. Маңғыстаулықтарды дәрігерлер вакциналауға шақырып шаршаған сыңайлы, қазір қоғам белсенділері іске кірісіпті.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бұл өңірлерде қосымша ақпараттық жұмыс жүргізілу керек деп ойлаймын. Қазір біз белсенді түрде қоғамдық істің бас-қасында жүрген азаматтарды тарттық. Олар осы аймақтарға барып түсіндіру жүргізіп жүр. Маңғыстау облысы вакциналау көрсеткіші бойынша ең соңғы орында. Бірақ жүйелі жұмыс нәтижесін көрсетіп жатыр. Екпе егу пайызы сәл болса да жоғарылады.

Министрлік қандай түсіндіруді айтқанын білмедік, екпе салдырғысы келетін маңғыстаулықтарды егу пунктерінен ондай көп көрмедік. Жазда мыңдап баратындардың нөпірі қазір саябырсыған. Күнде 20-30 адам ғана вакциналауға келеді екен.

Шымкентте жағдай басқаша. 14 облыс пен 3 қаланың арасында үшінші мегаполис вакцинаның бірінші компонентін салдыру жоспарын 100 пайыз орындап «жасыл» аймаққа өтті. Сүйіншілеп жаңалық таратқан шымкенттік шенеуніктер бөркін аспанға ертерек лақтырғандай. Өйткені мұнда әлі де 60 мың адам қауіпті індетке қарсы вакцина алуы тиіс екен. Екпенің екінші компонентін алғандар қатарын да жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу керек.

Бақытжан Пазилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Медициналық қарама-қарсы көрсетілімдері жоқ кісілер, 18-ге толған біздің азаматтарымыз, жүкті әйелдер, босанған және емізуден шыққан азаматтар бар. Солардың барлығын есептегенде қосымша тағы 60 мың халық бар. Ал алғашқы жоспар 536 мың болған. Бірінші компонентті 100 пайыз орындап отырмыз.

«Вакцина салдырмаймыз» деп бас тартқандар мәселесі Қазақстанда өзекті деген Цой ренжіген сыңай танытты. Министр бұл тұста коронавирус екпесін айтып отырған жоқ. 2013 жылдан бүгінге дейін вакциналауға жататын адамдардың 25 мыңдайы профилактикалық екпеден бас тартқан. Ол адамдарға діни наным-сенім, вакцинаға сенбеушілік, БАҚ-тағы жағымсыз ақпараттар себеп болған. Райынан қайтатыны жоқ емес. Шенеунік антиваксерлермен жұмыс жүргізуді жалғастыра береміз деп халық қалаулыларының алдында ақталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде