{metadescription}
Ақтөбеде автогаз тағы қымбаттауы мүмкін
Ақтөбеде автогаз тағы қымбаттауы мүмкін

Ақтөбеде автогаз тағы қымбаттауы мүмкін

Ақтөбеде автогаз тағы қымбаттауы мүмкін. Өйткені сұйық отын құнын шенеуніктер бақыламайтын болды. Бағаның қалай құбылатыны енді тікелей электронды сауда қортындысына байланысты. Сарапшылар соның кесірінен газ құны қымбаттайды деп отыр.

Газ шығаратын кен орнының түбінде отырған Ақтөбе облысына бұрын айына 9 мың тонна әлеуметтік автогаз бөлінетін. Бағасын да әкімдіктегілер белгілеп беріп отырған. Енді осы айда бұл аймаққа жеңілдікпен жеткізілетін газ көлемі үш мың тоннаға жетпейді. Қалған 65 пайызын электронды саудаға салып жіберген. Құны да 5-6 теңгеге қымбаттап шыға келді. Шенеуніктер электронды саудаға еш әсер ете алмаймыз дейді.

Онымен қоса автогаз тапшылығын да жоя алмай отыр. Себебі, сұйық отын тиелген вагон-цистерналар «Қандыағаш» пен «Жем» бекеттерінде тұрып қалған. «Қазақстан темір жолы» компаниясындағылар жүк тасымалының көбейіп кеткеніне байланысты үлгере алмай жатқанын айтады.

Самат Лепесов, Ақтөбе облысы Энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Жоспармен 11 160 тонна, мына айға жоспарланған, жетеді. Қазір бізде тек 958 тонна зауыттардан жөнелтті. Ол енді 8,6 пайыз. Қалғаны жұмыс негізінде жеткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде