{metadescription}
Роупджампинг: Сақтандыру сымарқан бекітілмей қап ажал құшты
Роупджампинг: Сақтандыру сымарқан бекітілмей қап ажал құшты

Роупджампинг: Сақтандыру сымарқан бекітілмей қап ажал құшты

Қарағандыда 33 жастағы әйел биік ғимараттан секіремін деп ажал құшты. Шахтинск қаласының тұрғыны "роупджампинг" деп аталатын әуесқой спортынан ләззат алмақшы болған екен. Алайда сақтандыру арқаны ілінген сымарқанның бір ұшы бекітілмеген болып шықты.

Биіктіктен секірген келіншек жерге тіке құлдилап бетонға құлаған. Басының сау тамтығы қалмаған науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір полиция  іс қозғап, ұйымдастырушыларды тергеп жатыр.

33 жастағы Евгения Леонтьева роупджампингке аңсары ауғанына көп болмапты. Бұл марқұмның үшінші секірісі екен. Бірақ қорқынышын жеңіп,  сенімділігі артқаны байқалады. Сондықтан төменге қарай ойланбастан секірген.

Мен сені сүйемін ...аааа ....

Оңбай құлаған келіншек шұғыл жансақтау бөліміне жеткілізіп, басына ота жасалғанымен есін жимады.

Ниязбек Ерниязов, нейрохирург:

- Өте ауыр жағдайда түсті. Басына, миына қатты зақым келген. Шұғыл түрде ота жасалды. Бірақ соққының ауырлығынан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ. 

Жаздан бері жабық тұрған қонақүйдің алдында тек күзетші ғана жүр. Ал Евгенияның басынан аққан қан түнгі жаңбырдан да шайыла қоймапты. Ақылы түрде биіктен секіруді ұйымдастырушылар сол жерден полицияға жеткізілді. 

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Қозғалған қылмыстық істің негізінде аттракцион ұйымдастырушылардың лицензиясы болғанын немесе болмағанын, сондай ақ қауіпсіздік ережелерінің сақтау/сақтамауы туралы мәселе қарастырады.

Ал спорттық туризм мен альпинизм саласының тіс қаққан мамандары роупджампинг спорт түріне жатпайтынын айтады. Ол экстремалды ойын- сауық, қандай да бір талаптар мен қауіпсіздік ережелері жоқ, құжат жүзінде де бекітілмеген. Сондықтан оны ешқандай орган қадағалай алмайды екен.

Сергей Кистанов, Қарағанды облысы спорттық туризм клубының жетекшісі:

- Салық немесе экономика бағытында қадағалануы мүмкін. Себебі, ұйымдастырушылар жеке кәсіпкерлік негізде тіркеліп, қаржылық есеп береді. Ал басқа еш жағынан бұларға қадағалау жоқ. Бұл елімізідегі үлкен олқылық. Менің ойымша, мұны төтенше жағдайлар министрлігі бақылау керек. Өйткені бұл аттракцион төтенше жағдай ұғымымен тығыз байланысты.

Сондықтан секіруді ұйымдастырушылардың кім екенін Қарағанды билігі айта алмады. Себебі: бақылау болмаған. Әйтпесе осылар Қарағандының маңайында жүргендеріне көп жыл болды. Биіктен секіргендерін желіге жүктеп, тіпті жергілікті газеттер жарыса жарнамалаған. Осы жолғы жағдайға не себеп болғанын тергеу анықтайды. Оларға рұқсат берген қонақүйдің қожайыны да сұралмақ. Ал марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.