{metadescription}
Иттің карантинде иіс сезу қабілетін жоғалтпағанын дәлелдеді
Иттің карантинде иіс сезу қабілетін жоғалтпағанын дәлелдеді

Иттің карантинде иіс сезу қабілетін жоғалтпағанын дәлелдеді

Ақтөбеде иісшіл иттер сынақтан өтті. Құтқару қызметіндегі төрт аяқтылар екі жылдан бері жаттығу жиындарына қатыстырылмаған. Коронавирустың кесірінен кинологтар да өзге өңірлерге шыға алмапты.

Әр аймақтан жиналған 50-ге жуық маман иттерінің карантин кезінде иіс сезу қабілетін жоғалтпағанын дәлелдеуге тырысты.

Иісшіл иттер үшін бұйрықпен жатып-тұру ең жеңіл тапсырма. Құтқару қызметіндегі төрт аяқтылар үйінді астында қалғандардан бастап тау-тас пен  орманда жоғалғандарды табуға міндетті. Ол үшін оттан да, судан да қорықпауы керек. Жаттығуға әкелген 50 шақты ит пен оны жетектеген кинологтарға берілген тапсырма оңай болған жоқ. Сынақ кезінде биікке көтергенде шошымай, түтін арасынан еркін өтуін төтенше жағдайға жауапты басшылар жіті бақылап отырды. Ең қызығы иттердің жасына да аса мән беріледі. Егер сегіз жасқа толса зейнеткерлікке шығарып салады. Оларды құтқару жұмыстарына жолатпайды. Сынаққа келген жануарлар арасында ондай жасы келгені болған жоқ. Кинологтар иісшіл иттердің тамағын грамына дейін өлшеп, белгілі уақытта ғана береді. Егер ол тәртіп бұзылса, қабілетінен  айрылатын көрінеді.

Қанат Уәлиханов, Маңғыстау облысы ТЖД кинологы:

- Грамын өлшеп қойғанбыз, граммен тамақ ішеді. Одан асып кетпейді. Төмен болмайды. Төмен болса арықтап кетеді. Ал асып кетсе, семіріп кетеді. Бұлардың денесі үнемі мықты  болу керек. Ол үшін арнайы норма шығарып қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде