{metadescription}
Тастыбұлақ ықшамауданы тұрғындары ауызсуға жарымай отыр
Тастыбұлақ ықшамауданы тұрғындары ауызсуға жарымай отыр

Тастыбұлақ ықшамауданы тұрғындары ауызсуға жарымай отыр

«Су сұрап көшеден қағылған». Осылай шу көтерген алматылық тұрғындар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтан көмек күтеді. Өйткені тау суына күні қараған Тастыбұлақ ықшамауданы тұрғындары ауыз суға жарымай отыр.

Ең сорақысы, мұз қатқанда таудан келетін су тоқтап, жұрт көктемге дейін тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. Ал былтыр көше бойын қазып құбыр тартылғанымен, жұмыс сол күйі тоқтап қалыпты. Енді су өз алдына, аялдамаға жету де мұңға айналған.

Тұрғындардыі ішіп отырған суы таудан келеді. Осыны ыдыстарға құйып алып қолданып отыр. Тау суын пайдаланатын Тастыбұлақ шағынауданы тұрғындарына ыдыс біткенді суға толтырып қою күнделікті әдетіне айналған. Өйткені жаңбыр жауса лайланып шыға келетін тау суын ішпек түгілі, жуыну мүмкін емес. Ал қарашада мұз қатқанда халық бұл суға да зар болып қалады. Сөйтіп тіршілігі тұралайтын тұрғындар көктемге дейін су тасып ішуге мәжбүр.  

Мұхаммед Рахимов, Алматы қаласының тұрғыны:

Мынанша халық, әне, кішкентай балалар бар. Қазақстанның болашағы осылар. Қазір немен тамақтанады? Анау ішіп отырған суы анау, суғаратын су. Содан кейін қарашадан бастап көлікпен тасимыз. Осындай жағдайда өмір сүріп жатырмыз.

Тастыбұлақтағы 50-ден астам баубақша бірлестігі бірнеше жыл бұрын Наурызбай ауданы құрылғанда қаланың құрамына енген. «Сол кезде орталық су жүйесінен дәмеленген тұрғындар былтыр көше-көшені қазып, құбыр жүргізгенде қатты қуандық» - дейді. Алайда негізгі көшелермен ғана өткен құбырдан содан бері бір тамшы су тамбаған. Ал ойдым-ойдым көшелер сол күйі жөнделмепті. Оқушылар саз балшықтан сабаққа қатынауға қиналса, көпшілікке аялдамаға жету мұңға айналған. Тіпті жол азабын сылтау еткен қоқыс тасушылар бұл маңға сирек келеді екен.

Иса Әбдіхалықов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өрт болып қалса, бір-екі сағатсыз келе алмайды. Жол жөнделмегеннен кейін жүре алмайды. Жай жүреді. Бір келеді де, мынадай жағдай кейін бас тартады. .

Нұрсұлу Пірімбетова, Алматы қаласының тұрғыны:

Жол жөндеп беріңіздер. Су өткізіп беріңіздер. Өз қалталарыңыздан істемейсіздер ғой. Үкімет бізге ақша бөліп жатыр. Теледидардан айтқанда керемет, бәлін миллион ақша суға бөлдік деп. Талай уәде берді. Орындаңыздар. Өтінеміз.

Ал жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, облыс аумағынан қосылған 8 ықшамауданда қазір су және кәріз құбырын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Оның бесеуінде құрылыс жұмыстары аяқталыпты. Ал қалған үш шағынауданың мәселесі келер жылы шешіледі деген мамандар толық сумен қамтамасыз етуді назарда ұстаймыз дейді.

Өркен Қодаров, Наурызбай ауданы қоммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Кіші көшелерге жоспар бойынша қарастырылмаған. Бірақ біз оған қарамастан, халықтың өз күші бар, Алматысу мекемесінің күші бар, қалып қалған 5-10 секілді жерлерге қосымша қосу жұмыстары жүргізілуде.

Шенеуніктер бұдан бөлек, сиқы кеткен көшелерді қыс түскенше жөндеп үлгереміз деп сендірді. Десе де су сұраймыз деп, кіріп-шығатын көшесінен айырылған тұрғындар ештеңеге иланғысы жоқ. Өйткені уәдені үйіп-төккен шенеуніктер жеме-жемге келгенде бір-біріне сілтеп құтылатын көрінеді. Енді тіршілігі тұралаған тұрғындар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтан көмек күтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде