{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев Данагөйлер кеңесінің төрағалығына ұсынылды
Нұрсұлтан Назарбаев Данагөйлер кеңесінің төрағалығына ұсынылды

Нұрсұлтан Назарбаев Данагөйлер кеңесінің төрағалығына ұсынылды

Ауғанстанның қалыпқа келуі - Азиядағы қауіпсіздіктің басты факторы! Нұр-Сұлтанда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысында Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі басты назарда болды.

Кеңеске қатысушылар бұл елде өте көп қару-жарақ пен әскери техника қалғанына алаңдаулы. Десе де бұған дейін тәліптер көрші мемлекеттерде тұрақсыздық орын алуына себепкер болмайтынын және лаңкестікпен күресуге ниетті екенін мәлімдеген. Енді осы уәденің орындалуы маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Орталық Азияның бес мемлекеті Ауғанстанның қалыпты жағдайға оралуына аса мүдделі. Қазақстанның ұстанымы айқын. Бізге Азиядағы үлкен ойын емес, үлкен пайда қажет.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI отырысы офлайн  өтті. Оған 27 елдің өкілі келген. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия жағдайында вакциналардың барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет екенін мәлімдеді.

Қазақстан QazVac вакцинасы арқылы жалпыға ортақ денсаулық сақтау жүйесіне қомақты үлес қосуға ниетті дейді президент. Бүгін осы жиын соңында қорытынды декларация қабылдануы керек еді. Бірақ Кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлері ортақ келісімге келе алмаған. Десе де  ұйым жанынан Данагөйлер кеңесін құру туралы құжат қабылданды. Президент Тоқаев оның төрағалығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде