Елімізде дизель отыны санаулы қалыпты
Дизель отыны елімізде санаулы. Энергетика министрлігі бүгін қорда бар-жоғы 215 мың тонна дизель қалғанын хабарлады. Оның 39 мың тоннасы мұнай өңдеу зауыттарында, 123 мыңы мұнай базаларында екен. Десе де жауапты шенеуніктер жағдай жақын арада тұрақталады деп сендіріп отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.10.2021
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Қазан айында елімізде 330 мың тонна дизель отыны өндіріледі. Бұған қоса шетелден 80 мен 100 мың тонна аралығында дизель әкелінеді. Осы және өзге де қабылданған шаралардың көмегімен ішкі нарықты тұрақтандыруды жоспарлап отырмыз.
Тапшылықты жою үшін энергетика министрлігі мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салған. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмысы 2022 жылға ауыстырылды.
Былтыр бір литрі 188 теңге болған дизель қазір кей жанармай бекеттерінде 330-дан сатылып жатыр. Жағдайдың ушығуына дизель отынына сұраныстың артуы да себеп дейді ведомство өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!