{metadescription}
Қалай күн көреміз? Азық-түлік ай емес, апта сайын қымбаттап жатыр
Қалай күн көреміз? Азық-түлік ай емес, апта сайын қымбаттап жатыр

Қалай күн көреміз? Азық-түлік ай емес, апта сайын қымбаттап жатыр

Елімізде азық-түлік бағасы ай емес, апта сайын көтеріліп жатыр. Ал жаңа жылдан бастап жұмыртқаның түйірі 70 теңгеге жетеді деп күтілуде. Өйткені 2022 жылы әр жұмыртқаға 3 теңгеден берілетін субсидия мүлде алынып тасталуы мүмкін.

Қазірдің өзінде бес бірдей ірі құс фабрикасы бар Ақмола облысында 10 дана жұмыртқа 360-тан 550 теңгеге бір-ақ көтерілген. Атырау облысында ұн, сұйық май мен қарақұмық бағасы өсті. Азық-түлік бағасының бұлай тоқтаусыз өсуі инфляцияға да кері әсер етіпті. Өткен айдың өзінде оның деңгейі 8,9 пайызды құраған.

Атырау облысында азық-түлік бағасын ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Орталық базарда көтерме бағамен сауда жасайтындар отандық өнімдер өте қымбат дейді. Сондықтан олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті Ресейден әкеліп сату тиімді дейді. Ал әкімдіктегілер тек 19 түрлі тағамның  бағасын бақылау қолымыздан келеді деп ақталды. Апта сайын  ұйымдастырылатын жәрмеңкеден де жұрт күдер үзген. Айталық, соңғы жарты айда сұйық майдың бағасы 500, ал ұн 600 теңгеге өскен.                  

Орынбасар Жанқұтов, Атырау қаласының тұрғыны:

25 келелік, мысалы 4400-ден саттық, бір ай бұрын. Қазір ол 5 мың теңгеден  келіп тұр. Неге қымбат десек, қоспалары Еуропадан еуромен келеді дейді. Қазақстанда иөшек шығарылмайды, ол Ресейден әкелінеді. 

Ақмола облысында да азық-түлік бағасы күн сайын шарықтап барады. Күнделікті қолданылатын жұмыртқаның 10 данасы 360-тан 550 теңгеге бір-ақ жеткен.

Ал Көкшетауда еттің бір келісі 2200-ден  2400 теңгеге  жеткен. Сондай-ақ сары май мен сүт өнімдері де тұтынушылардың қалтасын қағып жатыр.

Оксана Скок, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Күн сайын қымбаттап барады. Мен алатын сүттің  литрі бұрын 220 теңге  болған.  Енді 260 теңге болыпты. Сүт өнімдері ғана емес бәрінің бағасы шетінен шарықтап барады. Қалай күн көреміз? Кір жуатын зат та, тамақ та қымбат. Қиын болып кетті.

Қос бүйірден қысқан қымбатшылық бүгін үкімет отырысында да айтылды. Азық-түлік бағасының өсуінен өткен айда инфляция 8,9 пайызға бірақ жетіпті. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында баға ырық бермей тұр дейді ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

- Ауыл шаруашылығының шикізаты 22,7 пайызға қымбаттады.  Биыл қыркүйекте  өсімдік майы, дәнді дақылдар, сүт өнімдері мен қант бағасының көтерілуінің нәтижесінде ФАО азық-түлік бағаларының индексі 130-ға дейін қайтып өсті. Бір жыл ішінде ФАО индексі 32,8 пайызға өсті.

Аспандап кеткен азық-түлік бағасын бақылауға дәл қазір үкіметтің де қауқары жетер емес. Соның салдарынан қарапайым халық табысының тең жартысын ішіп-жеуге жұмсауға мәжбүр.

Сарапшылар 2022 жылдан бастап жұмыртқаға бөлінетін субсидия тоқтатылады деген болжам айтуда. Егер долбар дәл келсе, жұмыртқамен қоса құс еті де қымбаттайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде